Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мысыр Қазақстан азаматтары үшін визалық талаптарды жеңілдетеді

c 21:41, 30/10 c 1

0:00 / 0:00

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, бұл туралы Мысыр тарапымен өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша белгілі болды. Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мысырға барып, осы елдің Сыртқы істер, халықаралық ынтымақтастық және шетелдегі мысырлықтар істері жөніндегі министрімен кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2006 жылғы 7 қарашада жасалған дипломатиялық паспорт иелерін визадан босату туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі хаттамаға қол қойды. Құжатқа сәйкес, визасыз режим жарамды қызметтік паспорты бар Қазақстан мен Мысыр азаматтарына да қолданылады. Келіссөздердің негізгі нәтижелерінің бірі Қазақстанды Мысыр туристік мақсатта елге кіретін азаматтарына қосымша талаптар енгізген Орталық Азия мемлекеттерінің тізімінен шығару туралы келісім болды. Қазақстан СІМ мәліметінше, бұл шешім қазақстандық туристердің Мысырға бару шарттарын жеңілдетуге және екі ел арасындағы туристік байланысты дамытуға бағытталған. Еске салайық, 2025 жылғы 1 қазаннан бастап Мысырда Қазақстан азаматтарына қатысты визалық талаптар күшейтілген болатын. Қолданыстағы ережелерге сәйкес, 21 жасқа толмаған қазақстандықтар елге ата-анасының бірімен бірге ғана кіре алады. Ал 21 жасқа толған азаматтар туристік сапары 15 күннен аспаса және Шарм-эш-Шейх қаласының аумағымен шектелсе, халықаралық әуежайда келген кезде виза рәсімдей алады. Каир, Хургада және Мысырдың басқа қалаларына баруды жоспарлаған туристер елге сапар алдында Қазақстандағы Мысыр Араб Республикасының елшілігінен виза алуы қажет. Қазақстанның қосымша талаптар қолданылатын мемлекеттер тізімінен шығарылуы қазақстандық туристердің Мысырға сапарын жеңілдетуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.