Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«МҮМКІНДІГІН ШЕКТЕМЕЙІК»

c 10:08, 17/09/2021 c 930

0:00 / 0:00

Сенат мүгедек жандардың мүмкіндігін қамтитын заң жобасын талқылады. «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасын таныстырған еңбек министрі бірқатар жаңашылдықтарды атады. Министр Серік Шәпкеновтың айтуынша, заң жобасы мүгедектігі бар адамдарды, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасыларды, еңбек ардагерлерін және азаматтардың өзге де жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау жөніндегі заңнаманы жетілдіру үшін әзірленді. Енді бірінші топтағы мүгедектерге күтім көрсетушілерге жәрдемақы төленетін болды. Сондай-ақ, мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығын беру көзделіп отыр.

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандардың саны 700 мыңнан асып жығылады. Жәрдемақымен қамту, қажетті дәрі-дәрмек бөлу, жүріп-тұруына қажетті технкиалық жабдықтарды беру мәселесі әлі болса бір жолға қойылмаған. Сенаторлар мүгедектерге арналған әлеуметтік қызмет порталы дұрыс жұмыс істемей тұрғанын айтып, сынады. Ал өздігінен жүріп-тұра алмайтын жандарды бағып-күтетін жақындарына жәрдемақы төлеу мәселесі енді ғана қолға алынып жатыр. Еңбек министрі жекелеген санаттағы азаматтарды әлеуметтік қорғау заңына енгізілген жаңашылдықтың бірі осы дейді. Оның айтуынша, бүгінде  І топтағы 66 мың мүгедек  күтімі бойынша жәрдемақымен де, жеке көмекшінің қызметімен де қамтылмаған

Сондай-ақ, мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығын беру көзделіп отыр. Аталмыш  норма 2 000-нан мүгедек баланы қамтиды. Өкінішке орай  елде мүгедектердің мүмкіндігі шектеліп отыр. Оларды  санаторийде емдеуге бөлінген қаражат тым аз дейді депутаттар. Мүгедек адамдардың мемлекет тарапынан санаторий-курорттық емдеуге арналған бір күндік орташа бағасы (8 700 теңге) бұл санаторий-курорттық емдеу орындары ұсынған бір күндік бағасынан әлде қайда төмен.

Ол аздай  мүмкіндігі шектеулі жандарды  жұмыспен қамту мәселесі де кенже қалып отыр. Оларды еңбекке тарту квотасы дұрыс орындалмауда.

Сенат мүгедектердің мүмкіндігін қамтуға арналған  заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.