Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Митинг талаптары өзгерді

c 20:30, 26/03/2020 c 449

0:00 / 0:00

Қазақстанда митинг өткізу тәртібі толық өзгеретін болды. Бүгін Парламент Мәжілісінің онлайн жалпы отырысында "Қазақстанда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Қоғамдық даму министрі таныстырған жаңа жобада айтралықтай өзгерістер бары байқалады. Дәурен Абаевтың баяндауынша, құжат халықаралық тәжірибе негізінде әзірленген. Заң жобасына сәйкес, енді бейбіт митинг өткізгісі келетін қазақстандықтар жергілікті атқарушы органға жиынға қанша адам қатысатынын он бес күн бұрын хабарлауы тиіс. Егер жергілікті әкімдіктен жауап келмесе, бейбіт жиын келісілген болып санала береді.Депутаттар өз кезегінде, елдегі шерулер барысында наразылық білдірушілерден гөрі, полиция жасағының саны басым болатынын айтып сынады.

25 жыл бойы өзгеріс енгізілмей келген «Бейбіт жиналыстар мен митингілер өткізу тәртібі туралы» қолданыстағы Заң бүгінгі қоғам талабына жауап бере алмай отыр. Митингі туралы заң талаптарын өзгерту мәселесі көптен бері қызу талқылануда. Бүгін бұл құжаттың су жаңа редакциясы Парламент Мәжілісінде қаралды. Ескі заңнан жаңа жобаның өзгешелегі- енді бейбіт шеру өткізгісі келетін қазақстандықтар жергілікті атқарушы органға он бес күн бұрын хабарлауы тиіс. Егер жергілікті әкімдіктен жауап келмесе, бейбіт жиын келісілген болып санала береді. Алайда, мұндай шеруді белгіленген жерлерде ғана өткізе алады. Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың нұсқауымен  митингке қатысушылар саны  бойынша шектеу алынып тасталды.Заң жобасында журналистерге қатысты шектеулер барынша алынып тасталды.

Өз кезегінде мәжілісмендер митинг барысында полицейлердің адамдарды сүйреп әкететін әрекетін сынға алды.Депуттар заңға әскерилердің этикасы жайында норма енгізуді ұсынды. Соңғы кездері өтіп жатқан шерулер барысында наразылық білдірушілерден гөрі, полиция жасағының саны тым басым екені де айтылды.

Берік Дүйсембинова – ҚР парламент мәжілісінің депутаты; "Шындыққа тура қарайықшы, бұған дейінгі митингтерді қарасақ, 25 адам көшеге шықса, ішкі істер органының 250 адамы бірге жүреді. Алаң қоршалған, құдды соғыс болған сияқты. Ол жерден өту қорқынышты. Адамдар митингке қатысушылардан емес, қоршап тұрған әскерден қорқады. Балаларымыз мектепке басқа жолмен айналып баруға мәжбүр. Бірақ, меніңше, митингте жүретін ішкі істер қызметкерлерінің арнайы этикасын заңға енгізу керек. Әйтпесе, балаларды өзіміз жауыз қылып бітірдік. Қазір ешқандай министрдің баласы милиция болып, көшеде адам сүйреп жүрген жоқ. Олардың бәрі қарапайым адамдардың ұрпағы. Қазір бейнекамералар бар, сол арқылы бақылап, әйтеуір бір әрекет жасау керек"

Ал  министр Абаевқа депутаттың сөзімен келісуге тура келді.

Дәурен Абаев – ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі; "Сіз айтып отырған мәселенің бәрі осы заң жобасында қарастырылған. Ішкі істер министрлігі қай жерде митинг өтсе, сол жердің қауіпсіздігіне жауап береді. Сіз көтеріп отырған мәселені қарастыруға болады. Қандай да бір принциптер арқылы олардың этикасын енгізуіміз мүмкін. Жалпы жұмыс тобында қарастыруға болады. Осы заң жобасы сіз айтып отырған мәселеден туындап отыр. Халық ойын айтқысы келеді. Бірақ басқа адамдарға зияны тимесін деген оймен талқылап, сіздерге әкеліп ұсынып отырмыз".

Осылайша мәжіліс депутаттар еліміздің демократиялық даму жолында өте маңызды заң жобасын мақұлдадық деп түйіндеді өз ойларын. Заң жобасына екінші оқылымда әлі біраз өзгерістер мен түзетулер енгізілуі мүмкін. Бұдан соң құжат сенаттың қарауына өтеді. Егер жоба халық күткендей либералды тұрғыдағы заң болып қабылданса, онда мемлекеттік пен халықтың байланысын күшейтуге пайдасы тиер еді деген үміт бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.