Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Министр де еден жуған

c 18:56, 10/09/2019 c 812

0:00 / 0:00

Мен де еден жудым, парта жудым. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, қазір қоғамда резонанс тудырған мәселе- мектеп оқушыларын еңбекке баулуға қатысты өз пікірін айтты. Тоқтала кетейік,  әлеуметтік желіде елордалық  мектептердің бірінде оқушылар еденді өздері жуады деген ақпарат тараған болатын. Жұртшылықтың бұған қатысты пікірі екіге жарылды. Бірі балалар үшін еңбектің пайдасын айтса, енді бірі кәмелет жасына толмағандардың еңбегін пайдалану деп айыптады.

Оқушыларды мектеп қабырғасында еңбекке баулу мәселесі әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Бірі баланы еңбекке тартуды жөн деп санаса, енді бірі бұл баланың еңбегін пайдалану деп қарсылық білдіруде. Ал білім және ғылым министрі күн тәртібінде оқушыларға еден жуғызу мәселесі тұрған жоқ дейді. Мектеп бюджетінде әкімшілік-техникалық персоналға қаражат пен штат қарастырылған. Дегенмен, министр Аймағамбетов  оқушыларды еңбекке тарту қажет деп санайды. Министр  оқушы кезінде еден жуғанын айтады.

Бас мұғалім оқушыларды мектеп қабырғасында жұмысқа тарту мәселесі тек ата-аналардың рұқсатымен ғана жасалуы тиіс дейді. Министрдің пікірінше, оқушыларды еңбекке үйретумен мектеп те, отбасы да айналысуы тиіс.Осы мәселеге қатысты әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин, «Өзіңнен баста» деген ұранмен, өз жұмыс бөлмесінің еденін жуып, шаңын сүрткен суретін,жазбасын қалдырған. Жанғозин оқушыларға еден жуғызу мақсат емес, асханада ішкен тамағының ыдыстарын, сынып бөлмесін  жинатуға болады деп жазған.Айта кетейік, Жапон елінде мектеп оқушыларын еңбекке тарту кеңінен қолданылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.