Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Министр, ауылға барыңыз!

c 19:15, 28/10/2020 c 653

0:00 / 0:00

Мәжіліс төрағасы Экология министрі Мағзұм Мырзағалиевке ауылға баруға кеңес берді. Бүгін өткен Парламент мәжілісінің жалпы отырысында экологиялық кодекстің жобасы қаралған болатын. Жобаны талқылау барысында  депутаттар арасында дау-дамай туды. Мәжілісмендер  кодексте көрсетілген кейбір талап ауылда мал ұстап отырған халық үшін проблема туғызатынын айтты. Жобада ауылдықтарға қорадаға екі сиыры мен бес тауығын көрсеткен декларация тапсыру міндеттеліп отыр.

Мәжілістің жалпы отырысына шығаралған Экологиялық кодекске енгізілген жаңашылдықтар депутаттардың ашуын тудырды.  Жобадаға нормаға сәйкес, табысын көрсетіп, декларация тапсыру үшін ауыл тұрғындары бір тауығы үшін де мәлімет беруі керек. Алайда халыққалаулыларының айтуынша, декларацияда бірнеше мәлімет беріледі.Оның ішінде ластаушы заттар мен қалдықтар төгінділерінің саны мен түрлері қамтылуы тиіс. Бірақ  қалдықтардың мөлшері мен түрлері туралы ақпарат беру үшін ауылдықтар малының, құсының санын көрсетуі керек. Егер көрсетпесе әкімшілік жауапакершілікке тартылады. Бұл ауыл шаруаларына жасалып отырған қысым дейді депутат Теміржанов.

Мұрат Теміржанов – ҚР парламент мәжілісінің депутаты «Үшінші санаттағы нысандарға 100 бастан аз мал шаруашылығы жатады – бұл шошқа, сиыр, құс және ат қоралары, аң фермалары, олар қоршаған ортаға зиянды әсерін мәлімдеуі тиіс. Сіз айтқан «100-ден аз» деген сөз нақты емес, оған 50 де, 10 және 5 те енетінін түсіну керек. Декларацияда 20, 30, тіпті, 100 тауықтан тұратын жеке кәсіпкер немесе шаруашылық не істеуі керек? Оның үстіне, егер ол мұны мәлімдемесе, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл жеке кәсіпкерлерге немесе жеке шаруа қожалықтарына өз шаруаларын жүргізуді қиындатудың тағы бір қадамы ма?»,

Экология министрі бұл кемшілікті мойындап,екінші оқылымға дейін түзеймін деп қиылды.

Мағзұм Мырзағалиев – ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі «Шынында да, экологиялық кодекс қосымшасының жобасында дәл солай жазылған. Алайда, саны 100 бастан аз жеке қосалқы шаруашылықтар рұқсат беру режиміне жататынын атап өткім келеді, яғни санитарлық-эпидемиологиялық заңнамаға сәйкес, олар рұқсат алуы керек. Біз оларды жеңілдетіп, декларативті форматқа көшіруді шештік. Әкімшілік кедергілерді азайту көзделген, бірақ олар жеткіліксіз. Егер екінші оқылымға дейін пысықтауға мүмкіндік берсеңіз, біз бұл норманы пысықтап, нақты шектеу кедергісін қоямыз».

Араға Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин килікті. Спикер бұл норманы мұрнына ауылдың иісі бармайтын адам жазған деп сынады. Заң жобасын жазбас бұрын мамандарды ауылға жіберіп алған жөн деді. Ал министр Мырзағалиевке ауылға барып, халықтың тіршілігін көзімен көріп келуге кеңес берді.

Осылайша дау тудырған экологиялық кодекс бірінші оқылымда мақұлданып, жоғарыдағы кемшіліктерді екінші оқылымға дейін жою тапсырылды.  Сондай-ақ, кодекстегі тағы бір жаңашылдық- экологиялық төлемдерден түскен қаражатты өңірлердің экологиялық проблемаларын шешуге 100 пайыз бағыттау көзделген. Бұл норма мәжілістің көңілінен шықты. Әйтпесе экологиялық төлемдер жергілікті бюджетке түсуі түсіп, басқа шаруаларына жұмсалып жатады деді палата төрағасы. Сондықтан табиғат ананы қорғауда, бұл төлемдерді тек осы бағытта жұмсаған жөн.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.