Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Менің несием неге жабылмады?

c 18:58, 09/09/2019 c 1134

0:00 / 0:00

Менің несием неге жабылмады? Бүгін осындай ұранмен елордада бір топ ана еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ғимаратына келді. Олардың арасында көпбалалы аналар, мүгедектігі барлар, жалғызбасты аналар бар. Наразы топтың айтуынша, олардың кредиті жабылмай жатыр. Аналар министрліктен осының мән-жайны түсіндіруді талап етуге келіпті.  Айта кетейік, ел президенттінің жарлығымен, кредиттің 300 мың теңгесі мен оған жазылған өсімпұлдарды кешіру жүріп жатыр.  Қарыздың жалпы сомасы 3 миллионнан аспауы керек. Ал қарызы кешірілетін азаматтардың қатарына көпбалалы отбасылар, мүгедек баласы бар отбасылар, асырушысынан айырылғандар және атаулы әлеуметтік көмекті алатындар кіреді. Еңбек вице-министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, кредиті жабылатындар тізіміне енбегендердің бірнеше себебі бар.

Елордалық аналар тағы бас көтерді. Таңмен еңбек министрілігінің ғимаратына жиналған бір топ аналар «біздің несиеміз неге жабылмады?» деген назын айта келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  26 маусым күні «Қазақстан азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Осы Жарлыққа сәйкес банктер мен микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтынушылық қарыздары бар 5 санаттағы азаматтар үшін бір реттік акция тәртібінде мемлекет жалпы көлемі 300 мың теңгеге дейін негізгі борышты және ол бойынша есептелген өтемақыны төлеп жатыр. 300 мың теңгеден асатын қарызы барлар 300 мың теңге көлемінде қарызының бір бөлігін өтейді. Бұл ретте, олардың жалпы қарызы биылғы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 3 миллион теңгеден аспауы тиіс. Қазір барлық банктерде осы шара жүріп жатыр. Неше күннен бері несиесі жабылғандар әлеуметтік желіде қуанып сүйінші сұрап жатса, енді бірі осы акцияға ілікпей қалдық деген назын айтуда. Мына наразы топтың ішінде көпбалалы, мүгедектігі бар, жалғызбасты аналар бар. Олардың банк алдындағы қарызы әлдеқайда өсіп кеткен. Тапқан нәпақасы кредиттен аспай отырған олар, кредиті жабылғандар тізімінде жоқ болып шықты. Олардың көбінің несиесі коллекторлық ұйымдарға өтіп кеткен көрінеді.

Аналардың жанайқайы еңбек вице-министріне белгілі екен. Жақыпова ханымның айтуынша, мұндай арыздар көп келіп жатыр. Олардың несиесінің өтелмеу  қалуының  бірнеше себебі бар дейді ол.

Осылайша, банк алдындағы несиелік қарызы коллекторлық ұйымдарға өтіп кеткен азаматтар мемлекеттің бір реттік акциясынан қағылып жатыр.  Сондай-ақ, тізімде тұрған адамның кредиті өтелмей жатса, онда ол тиісті құжаттар ақпараттық базасында тіркелмей тұруы мүмкін. Сондықтан бұл санаттағы азаматтар өз мәліметтерін бір тексеріп алғаны да жөн. Айтпақшы, бір реттік акциямен несиесі жабылып жатқандар қара тізімге ілініп, келесі жолы кредит ала алмайды деген ақпаратты Ұлттық банк жоққа шығарды.

Олег Смоляков –ҚР ұлттық банк төрағасының орынбасары

 «Ешқандай «қара тізім» деген жоқ. Жеке тұлғалардың берешегін үшінші тарап өтейді. Яғни, бұл жағымсыз фактор саналмайды. Бұл үшінші тараптың өтеуі, сәйкесінше бұл  – бейтарап ақпарат. Ол болашақта осы азаматтардың несие алуына жағымсыз жағынан әсер етпейді».

Ұлттық банктің мәліметінше, қазір 500 мыңнана аса азаматтың кепілсіз тұтынушылық несиелерінің берешегі өтелген. Бұған 105 млрд 174,6 млн теңге жұмсалған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.