Қазір эфирде

Бағдарлама кестесі жоқ

01:00

Технический перерыв

19:30

Новости

20:45

Cinemaтограф park

21:00

Әлем және аймақ жаңалықтар

МАҢҒЫСТАУДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПРОБЛЕМАСЫ

c 09:44, 29/06 c 749

0:00 / 0:00

Маңғыстау өңіріндегі жұмыссыздық мәселесі қалай шешілмек? Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов біздің арнаға берген сұхбатында Маңғыстау мен Атырау облыстарында жаңа жұмыс орындары құрылып жатқанын айтты. Бұған дейін хабарланғандай, батыс аймақтардағы жұмыссыздар мұнай-газ саласына жұмысқа орналастыруды талап еткенді. Ал осы салада еңбек етіп жүргендер жалақысын көтеріп, еңбек жағдайын жақсартуды сұраған болатын.

Мұнайлы өлке Маңғыстау өңіріндегі басты проблема-жұмыссыздық. Қаңтар трагедиясындағы наразылық акциялар осы аймақтан бастау алған еді. Басым бөлігі шөлді аймақ болып табылатын Маңғыстауда Қазақстан мұнайының 25 пайызы өндіріледі. Бұл дегеніміз 20 миллион тонна мұнай. Алайда, қазір мұнай өндіру көлемі төмендеп жатыр. Мұнай қоры азая берсе, өңір халқы жұмыссыз қалатыны сөзсіз. Мәселе бүгінгіден де ушығуы мүмкін. Нәпақасын мұнай саласынан көріп отырған маңғыстаулықтар қайда барып жұмыс істейді? Қалай күнін көреді деген сұрақ туындайды. Статистикалық деректерге сәйкес 2022 жылдың 1-ші тоқсанында Маңғыстау облысында 17,3 мың жұмыссыз адам тіркелген. Өкінішке орай өңірде жұмыспен қамту мәселесі күрделі, наразылық білдірушілер жұмыс тауып беруді, ал мұнай-газ саласында қызмет етіп жатқандары айлығын көтеруді талап етуде. Бұл орайда үкіметтің өз жоспары да жоқ емес.
Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленіп, іске асырылуда.

Ағымдағы жылдың басынан бері Маңғыстауда он шақты мекеменің жұмысшылары ел президентіне үндеу жолдап, жалақының аздығына шағымданғанып келеді. Олардың басым бөлігі Жаңаөзенде тұрады. Тіпті жұмысшылар жалақыны өсіріп, еңбек жағдайын жақсартпай жұмысқа шықпаймыз деп те бас көтерген болатын. Үкімет басшысының орынбасары жұмыссыздық мәселесі Атырау облысында да өзекті болып тұр дейді.

Вице-премьер тек мұнай саласында ғана жұмыс істеймін деп талап қою орынсыз. Жұмыссыз тұрғындардың барлығын мұнай саласына орналастыру мүмкін емес. Сондықтан жұмыс іздеген адам нарықтың сұранысына сәйкес біліктілігін көтеріп, кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларына да қатысқаны жөн дейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.