Қазір эфирде

Бағдарлама кестесі жоқ

01:00

Технический перерыв

19:30

Новости

20:45

Cinemaтограф park

21:00

Әлем және аймақ жаңалықтар

«ҚЫРУАР ҚАРЖЫ ҚАЙДА КЕТТІ?»

c 08:53, 27/01 c 925

0:00 / 0:00

Аты шулы утильалымдар бойынша жиналған миллиардтар қайда кетті? Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин утильалым жинаумен айналысқан "ӨКМ операторы" жұмысы бойынша күмән көп деп отыр. Мәжілісмен компанияның активтері мен шығындарын толық тексеру аяқталғанша қалдықтарды жинауға мораторий енгізуді ұсынды. Соңғы бес жылда автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу кезінде сатып алушы жеке операторға 400 мыңнан 13 миллион теңгеге дейін беріп келді. Мұндай алымдардың жоғары болуы Қазақстандағы көлік бағасының қымбаттауына әкеп соқты дейді депутат Жаңбыршин. Депутаттың сауалы үкіметке жолданды. Ал бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ операторы" ЖШС (Оператор РОП) басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевтің ұсталғанын хабарлады. Кейбір ақпарат көздерінде “Оператор РОП” ЖШС-нің құқықтық мәселелер бойынша басқарушы директоры болған Руслан Шәмшиев қайтыс болғаны жайында мәлімет тарауда.

Өздеріңізге мәлім, қаңтар оқиғаларынан соң елде біраз мәселенің беті ашылды. Соның ішінде соңғы бес жыл бойы утилизациялық алымдарды жинап келген «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторының» заңсыз әрекеттері әшкерленді. Президенттің тапсырмасымен бұл компанияның жұмысы тоқталып, мемлекеттік органға берілді. Мәжілісмен Еділ Жаңбыршиннің айтуынша, утильалым жинап келген «РОП операторының» жұмысында күмән көп. Экология министрлігінің мәліметінде, компания соңғы бес жылда 600 миллиард теңгеге жуық пайда тапқан.Алайда, жиналған қаражаттың бәрі бірдей кәдеге жаратылмаған.

Бұл іспен енді мемлекеттік оператор "Жасыл Даму" АҚ айналысады. Алайда, қаулыда тек жарғылық капиталдағы үлесті аударуға қатысты айтылған, ал есеп айырысу шотынан ақша аудару туралы бір ауыз сөз жоқ дейді депутат.

Өз кезегінде мәжілісмен Үкіметке "РОП операторы" компаниясының активтері мен шығындарын толық тексеру аяқталғанша қалдықтарды жинауға мораторий енгізуді ұсынды. Оның соңғы бес жылда атқарған жұмысына тәуелсіз аудит жүргізіп, нәтиежелерін ашық жариялауды талап етті. Айта кетейік, осы даулы іске қатысты "РОП операторы" компаниясының басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев пен экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов ұсталды деп хабарлайды сыйбалс жемқорлықпен күрес агенттігі. Екеуі де жемқорлық ісіне қатысы бар деген күдікке ілініп, Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік, вице-министр Пірімқұлов қоқысты утилизациялау мәселесіне жауапты болған еді. Сондай-ақ, кейбір ақпарат көздерінде
“Оператор РОП” компаниясының құқықтық мәселелер бойынша басқарушы директоры болған Руслан Шәмшиев қайтыс болды деген хабар тарады. «Өз-өзіне қол салды» (105) деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.