Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қымбатшылық үшін шенеуніктерді жазалау керек

c 18:20, 02/03/2021 c 350

0:00 / 0:00

Елде азық-түлік бағасының шарықтауы халықты әбден тығырыққа тіреді. Ағымдағы жылдың ақпан айындағы жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының  2,4 пайызға қымбаттады. Импортқа тәуелді өнімдердің, жоғары экспорттық сұранысқа ие тауарлар мен маусымдық көкөністер дәстүрлі түрде қымбаттап отырады. Ал өңірлерде әкімдіктер тұрақтандыру қорының жұмысын дұрыс жүйеге қоя алмауда. Бұл да бағаның шарықтауына себеп болып отыр дейді сауда министрі Бақыт Сұлтанов. Ол өз кезегінде қымбатшылық үшін шенеуніктерді жауапқа тартуды ұсынды. Үкіметтің онлайн отырысында азық-түлік қауіпсіздігін қамту мәселесі қаралған еді.

Пандемия барысында халықтың табысы азайып, кедейшілік деңгейі артып отырғанда азық-түлік бағасының қымбаттауына тоқтам болмай тұр.Еліміздегі дүкен сөрелерін көздің жауын алатын импортпен келген тауарлар басып кеткен. Отандық өнімнің үлесін арттыруда үкімет әлі де алға қойған мақсатына жете алмауда. Сауда министрі ағымдағы жылдың ақпан айындағы жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының  2,4 пайызға қымбаттағанын айтады. Импортпен келген өнімдердің де бағасы аспандап кеткен. Маусымдық көкөністер мен жемістер қай мезгіл болмасын қымбат бағаға қойылған. Министр Сұлтановтың айтуынша, азық-түлік бағасын ұстап тұр алмай отырған әкімдіктер тұрақтандыру қорының жұмысын жүйелі жүргізе алмауда. Өңірлерде тұрақтандыру қорларының саны жеткіліксіз.

Өз кезегінде сауда министрі үкімет басшысына азық-түліктің қымбаттағаны үшін шенеуніктерді жазалауды ұсынды.

Сөз алған ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров  отандық өнімнің үлесін арттыру үшін ауылда микрокредит беру жалғасатынын айтты.  Алдағы бес жылда 250 миллиард теңгеге 50 мың микрокредит беру жоспары бар. 380 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, оның 65%-тен астамы  импортты алмастыруға арналған жобалар болмақ.  Өз кезегінде премьер-министр нарықты 100 пайыз отандық өніммен қамту қажеттігін айтты.

Қазіргі уақытта елде өндірілетін қант тапшылығы 240 мың тоннаны немесе қажеттіліктің жартысынан көбін құрап отыр. Үкімет  Алматы облысындағы қант зауытын жаңғыртып,Жамбыл облысында қуаты 150 мың тонна қант шығаратын жаңа қант зауытын салып, ішкі нарықты 80% қамтамасыз етпекші. Ең бастысы бұл әдемі цифрлар мен жоспарлар уақытында іске асса жарады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.