Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

4000-ға жуық батысқазақстандық баспаналы болмақ

c 17:15, 17/01/2019 c 714

0:00 / 0:00

Құрылыс саласының дамуы, елдің экономикалық, әлеуметтік жағдайының арта түсуіне тікелей әсер етеді. Соңғы жылдары облыста құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Былтырғы  жылы  3 мыңнан аса Ақжайықтық қоныс тойын тойлап, көкейлерінде жүрген мәселелері оң шешімін тапқан болса, биылғы жылы да игілікті іс жалғасады дейді құрылыс саласына жауапты сала мамандары. Яғни биыл өткен жылы басталған құрылыс нысандары толықтай аяқталып, бірнеше білім беру мекемелерінің ірге тасы қаланатын болады. Сонымен қатар 20 көп қабатты тұрғын үй мен 70 тұрғын үйдің құрылыс басталып биыл да 4000 ға жуық батысқазақстандық баспаналы болмақ.Бұған дейінгі басқосуларда облыс әкімі Алтай Көлгінов 2019 жылы өңір халқының 50 пайызын ауыз сумен қамту мақсатында жұмыстардың қолға алынаты туралы айтқан еді. Осы межелі жоспарды іске асыру жолында биыл 28 елді мекенге ауыз су құбырларының тартылу жоспары бар. Сонымен қатар Шалқар көлінің жағасындағы Сарыөмір ауылында  бой көтерітін 48 орындық сауықтыру лагерінің құрылысы аяқталып балалар жазғы демалысын  қызықты өткізбек.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.