Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көлікті тәркілей ме?

c 18:37, 28/10/2019 c 925

0:00 / 0:00

Қазақстанда ішімдік ішіп алып, көлік тізгініне отыратын жүргізушілерге қатысты шара қатаңдатылады. Осыған қатысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  тиісті тапсырма бергенді.  Ішкі істер министрлігі ішімдік ішіп көлік жүргізген жүргізушінің көлігін тәркілеп алу жазасын қарастырып отыр.

Енді жол үстінде заң бұзған жүргізуші көлігінен айырылуы мүмкін.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, өкінішке орай жүргізуші куәлігі болмаса да, көлік жүргізетіндер көп екен. Сондықтан министрлік жазаны қатаңдатуды ұсынады. Егер жүргізуші мас күйінде көлік басқарса,  оның автокөлігін тәркілеп алу ұсынылып отыр. Бұл жаза Беларусь елінде қолданылады екен.

Марат Қожаев – ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары; "Көлік жүргізушісінің автокөлігін тәркілеу жазасы қарастырылған. Біз де осы жолмен жүреміз. Белгілі бір құқыққұзушылықтар бойынша санкцияны күшейтеміз. Ең алдымен, бұл жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, көлік басқарған, соның ішінде мас күйінде жүргізген адамдарға қатысты болмақ."

Еске сала кетейік,ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің  Twitter-дегі парақшасында көлікті ішімдік ішіп алып жүргізетіндерге қатысты жазаны қатаңдатуды тапсырған болатын. Соңғы кезде араққа тойып алып, көлік жүргізіп, жол апатын жасаған жауапсыз жүргізушілердің әрекеті жиілеп кетті. Тіпті қоғамдық резонанс туғызды. Мысалы, Қарағандыда Lexus 570 көлігінің жүргізушісі үйдің ауласында тұрған бес бірдей көлікті соқты. Апаттан соң рөлде ұйықтап қалған. Оқиға салдарынан екі адам зардап шекті. Ал Алматы қаласында алкогольдік ішімдік пен есірткі қолданған BMW жүргізушісі жаппай жол оқиғасының себепкері болды. Салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы жеті адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Ал бүгінгі заңнамада алкогольді ішімдік ішіп, есірткі қолданған соң көлік тізгініне отырғаны үшін жаза - үш жылдан он жылға дейін  көлік басқару құқығынан айыру қарастырылған. Бұдан бөлек, жүргізуші 15-тен 30 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін. Кісі өлімі тіркелсе, бас бостандығынан айырылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.