Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Көлеңкелі үкімет құрылады»

c 09:58, 22/01/2021 c 494

0:00 / 0:00

Экс – депутат, тіркелмеген «El Tiregi» партиясының төрағасы Нұржан Әлтаев көлеңкелі үкімет құрамын деп мәлімдеді. Бұл жайында ол бүгін журналистермен өткен баспасөз маслихатында айтты. Әлтаев баламалы үкімет құрып, ресми үкіметтің жұмысындағы кемшіліктерді сынап отырмақшы. Үкіметтің жұмысының ашықтығын қамту үшін, баламалы үкімет зерттеу жүргізбекші. Мұндай тәжірибе батыс елдерінде бар дейді ол. Айта кетейік,  әділет министрлігі  «El Tiregi» партиясын тіркемей қойды. Себебі  партия мүшелігінде өлген адамдардың тізімі жүрген деген. Бірақ Әлтаев бұл жалған ақпарат деп отыр.

«Nur Otan» партиясының мүшесі, мәжіліс депутаты болған Нұржан Әлтаев, өткен сайлау науқаны кезінде партиядан да,  депутаттықтан да кеткені есімізде. Экс-депутат кәсіпкерлер одағы негізінде  El Tiregi партиясын құрды. Бірақ бұл партия әділет министрлігінің тіркеуінен өтпей қалды. Себебі, партия мүшелегінде өлген адамдардың тізімі жүрген.

Осылайша, әділет министрлігінің батасын ала алмай қалған партия серкесі, енді көлеңкелі үкімет құрмақшы. Нұржан Әлтаевтың айтуынша, баламалы үкімет ресми үкіметтің жұмысындағы кемшіліктерді зерттеп,  сынап-мінеп отыратын болады.

Нұржан Әлтаев – тіркелгенмен «EL TIREGI» партиясының төрағасы «Қазіргі Үкіметтің, министрлердің жұмысында шикілік, кемшілік болса. Біз оның бәрін халыққа ашық жариялап отырамыз. Бұл жерде құр жамандау мақсаты тұрған жоқ. Нақты дәлелдермен, сандармен, зерттелген мәліметті ұсынамыз. Сонда халық үкіметтің жұмысының дұрыс, бұрысына баға бере алады».

Көлеңкелі үкімет тәжірибесі дамыған елдерде кеңінен  қолданылады, сондай-ақ Қазақстан заңнамасында мұндай ұйым құруға шектеу жоқ дейді ол. Әлтаев құрғалы отырған көлеңкелі үкімет кеңес беруші органның рөлін атқармақ. Әр сала бойынша министрлері де болады. Министрлерді тағайындау әлеуметтік желі арқылы, халықтың пікіріне сүйеніп жүргізілмек.

Алайда, көлеңкелі үкімет құрамына жалақы төленбейді. Әзірге тегін жұмыс істейді. Нұржан Әлтаев көлеңкелі үкіметтің негізгі қоладушысы халық болатынына сенімді. Кезінде партия құруға күшім де, білімім де, атағым да жетеді деген экс-депутат, енді үкіметпен екі қолын сыбана күреспек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.