Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«КӨКТЕМДЕ БАСПАНА ТАҒЫ ДА ҚЫМБАТТАЙДЫ»

c 17:37, 27/09/2021 c 1098

0:00 / 0:00

Келесі жылдың көктемінде елде үй бағасы тағы да шарықтауы мүмкін. Қазақстан Құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев нарықтағы құрылыс материалдарына баға өсіп, салынып жатқан тұрғын үйлердің шаршы метрі 15 пайызға артқанын айтады. Бұл үрдіс алдағы уақытта баспана құнының қымбаттауына әкеліп соғады дейді ол. Өз кезегінде сарапшы,тұрғын үй бағасын төмендету үшін ірі қалаларға жақын маңдағы елді мекендерде, облыс орталықтарында, қалаларда тұратын азаматтарымызға 10 сотық жер учаскелерін беру керек. Сол кезде халықтың бір бөлігі көшіп, жалға алу қажеттілігі төмендесе, жалға алудың бағасы мен пәтер құны арзандайды-дейді.

Ресми мәліметке сүйенсек, Қазақстанда  2 млн-нан аса адам тұрғын үйге мұқтаж. Ал бейресми көрсеткіш бұдан әлдеқайда жоғары екені сөзсіз. Осылайша қара халық үшін баспаналы болу басты арманға айналған. Себебі, елде тұрғын үй бағасы жыл сайын қымбаттап жатыр. Ал ипотекалық несиенің мөлшерлемесін кез-келгеннің қалтасы көтермейді. Пандемия кезінде құрылыс материалдарына баға шарықтап кетті.

ТАЛҒАТ ЕРҒАЛИЕВ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ «Құрылыс материаодарының 54 пайызы Қазақстанда өндіріледі. 46 пайызын шетелден әкелеміз. Жаңағы өзімізде шығатын 54 пайзыдың жартысымен те кнарықты қамтимыз. Бұл орайда біз теңге құнына тәуелдіміз. Теңге құлдыраған сайын, баға өседі».

Нарықтағы баға реттелмейтіні белгілі. Енді сарапшылар алдағы көктем айларында баспананың құны тағы да шарықтайтынын айтады.

ТАЛҒАТ ЕРҒАЛИЕВ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ «Құрылыс өзі 35-40 пайызға қымбаттады. Материалдың құны 60-90 процентке өсті. Үйдің шаршы метрі 15 пайызға артты. Яғни ертең тағы да баға шарықтайды. Алдағы наурыз, сәуір және мамыр айларында тұрғын үйдің құны 20 пайызға өседі деген болжам бар».

Құрылысшылар Одағының болашаққа болжамы көңіл қоншытпайды. Мамандар тұрғын үй бағасын төмендету үшін  жалдамалы пәтер құнын түсіру керек дейді. Бүгінде халықтың басым бөлігі жалдамалы пәтерде тұратыны мәлім.  Егер жақын маңдағы елді мекендерде, облыс орталықтарында, ірі қалаларда тұратын азаматтарымызға 10 сотық жер учаскелерін берсек. Халықтың бір бөлігі қаладан көшіп, пәтер жалдауға сұраныс болмай, бағасы да төмендейді дейді Ерғалиев мырза. Оның айтуынша,  30-40 пәтері бар адамдар бар. Баға төмендеген кезде осы   үйлер қолжетімді болады. Яғни оны жалға беру тиімсіз болады да, сату құны да төмендейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.