Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кешірім сұрады

c 18:06, 24/09/2019 c 753

0:00 / 0:00

Көпбалалы аналар мәселесін шешумен айнлаысып жүрген әкімнің орынбасары Бақтияр Мәкеннің басы дауға қалды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары міндетіне кіріскелі Бақтияр Мәкен баспана мәселесіне қатысты бас көтерген көпбалалы аналардың наразылық акциясына жиі қатысып жүр. Өткен демалыста әлеуметтік желіде әкімнің орынбасарының көпбалалы аналармен арадағы жанжалдасқан бейнетүсірілімі тарап кеткен еді. Осыған қатысты бүгін журналистерге берген сұхбатында Мәкен мырза эмоцияға бой алдырғанын, дегенмен талап қойып отырған аналарға заңды бұзып үй бере алмайтынын айтты.

Әкім бол, халқыңа жақын бол. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі атқан таңын көпбалалы аналар мәселесімен бастап жүргелі біраз уақыт болды. Бұрынғы әкім Бақыт Сұлтанов көпбалалы аналар бас көтерсе бірден алдарына шығып, олардың назын тыңдап, келіссөз жүргізіп бастағанды. Кейін қала билігі Алтай Көлгіновке өткелі бұл үрдіс жалғасын табуда. Бірақ әкім Көлгінов аналардың наразылық акциясында бой көрсетіп жүрген жоқ. Ал орнына орынбасары Бақтияр Мәкенді жібереді. Әрине бұл орынбасарының жауапты жұмысы болар. Кезек күттірмей баспана беруді талап етіп жүрген көпбалалы аналар тіпті министрлік алдына келіп түнеген кездері де болды. Олар әкімдіктің құр уәдесінен шаршадық дейді. Мәселені тез арада шешуді талап етеді. Өткен демалыста осындай кездесулердің бірінде әкім орынбасары Мәкен мырзаның шыдамы шегіне жеткен болуы керек, өзіне қатты дауыс көтеріп айғайға салған әйелдермен, сол тілде сөйлескен. Шенеунік пен көпбалалы аналар арасында туындаған жан-жал әлеуметтік желіде тез тарады.

Бүгін осы жәйітке байланыста журналистерге берген сұхбатында, Бақтияр Мәкен өзінің жеке басына қатысты балағаттаулар айтылғанда эмоцияға бой алдырғаным рас деді.

Әрине қандай жағдайда болмасын,мемлекеттік қызметкердің сабырлық танытқаны жөн. Шенеунік оны да мойындап отыр.

Қала әкімдігі жыл  соңына дейін елордада 1 600 пәтер қолданысқа берілетінін айтады. Оның 600-і кезекте тұрған көп балалы аналарға табысталады. Қазір елордада  47 600 адам кезекте тұр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.