Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кеме жасау саласы дағдарысқа тап болды

c 18:01, 08/12/2020 c 572

0:00 / 0:00

Оралдағы "Зенит" зауытының 200-ден астам қызметкері жұмыссыз қалуы мүмкін. Өйткені алдағы жылы кәсіпорынға су көлігіне тапсырыс түспеген. Осы орайда кеме құрастыруға машықтанған мамандар екі қолға бір күрек таппай қаламыз ба деген қорқыныштарын жасыра алмады.Бұл шеберханада жұмысшылар су көлігінің қаңқасын жинайды. Антон Копняев еңбек жолында қарапайым слесарьдан бастап учаске басшысына дейінгі даңғылдан өтті. Ол соңғы уақытта зауыт еңбеккерлерінің біртіндеп жұмыстан шығарылып жатырғанын айтады. Яғни оның 30 әріптесі дағдарысқа байланысты қызметтен босапты.Соғыс жылдарында бұл зауытта жарылғыш заттардың 20-дан астам түрі жасалған екен. Солардың арасында жау кемесін жоюға арналған зәкірлі минаның жөні бөлек. Торпедолық жою құралдарының көмегімен жаудың 5 мыңнан астам жүзу құралы талқандалған. Айта кеткен жөн, тәуелсіздік алғалы бері оралдық бұл зауытта 30 су көлігі құрастырылған. Ал мұндағы мамандар Петербордағы оқу орынынын білім алған. Дағдарыс дендеп, зауыт өніміне тапсырыс болмаса, алдымен мұндағы инженер мен техникалық бағыттағы мамандар қысқартуға тап болатын көрінеді.Еліміз бойынша іргелі кеме құрастырушы кәсіпорынды бұл тығырықтан шығарудың амалдары жоқ емес. Мәселен, өндіріс ошағы теңізшілерге арналған кемелер мен қайықтарды құрастырушы кәсіпорын ретінде жұмыс бағытын өзгертсе, бұл мәселенің түйіні тарқар еді. Ал мұндай тапсырыстарды өз елімізде орындауға мүмкіндік бола тұра өзге мемлекеттерге сұраныс зор. Сондай-ақ, "Зенит" зауыты квазимемлекеттік секторға жататындықтан Үкімет қаулысына сәйкес азаматтық өнімдердің барлық түрлерін шығаруға тыйым салынады.Өндіріс ошағының бүгінгі халі жергілікті билікке таныс. Тапсырыстардың болмай отырғанын олар да жасырмады.Бұл мәселеге қашан нүкте қойылары әлі белгісіз. Зауыттың кәнігі мамандары болса, Ресей мен Түркия елдерінде құрастыралтын кемелерден сапасы артық болмаса кем болмайтындай су көліктерін құрастыруға дайынбыз дейді. Тіпті қажет болған жағдайда қосымша жаңа зауыт ғимаратын салуға да мүмкіндік бар екенін жеткізді. Алайда тапсырыс жоқ. "Сол себепті басқа жұмыс іздеуді бастап кеттік",- дейді зауыт жұмысшылары.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.