Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазақ республикасын құру

c 18:53, 20/11/2020 c 622

0:00 / 0:00

Ақжолдықтар мемлекеттің атауын өзгертуді ұсынды. Қазақ Республикасы атауын қайтару қажет екендігі айтылды. Бұл жайында «Ақ Жол» партиясының XVI сайлауалды құрылтайында төраға Азат Перуашев мәлімдеді. Ақжолдықтардың сайлау алды бағдарламасында қазақ тілінің мәртебесін көтеру, нәубет жылдарында қазақтардың ашаршылықтан қырылуын-қазақ халқына жасалған геноцид деп тануды,  Парламенттік басқару институтына көшуді, оффшордағы миллиардтарды елге қайтаруды, елдегі бизнесмендерег төніп отырған қауіпті сейілтіп, кәсіпкерлікті дамытуға басымдық жасауды ұсынды. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін  Қазақстанға Ұлттық сенім кеңесі ғана емес, Ұлттық сенім Үкіметі де қажет деп есептейді.

Бүгінде Парламентте 7 депутатымен отырған «Ақ Жол» партиясының алдағы сайлаудан үміті зор. Бүгін өткен құрылтай барысында депутаттыққа  38 үміткерін ұсынды. Оның ішінде қазіргі депутаттармен қатар, ақын-жазушылар, алаштанушылар, бизнесмендер мен жастар бар. «Ақ жол»өзін Алаш идеологиясын ұстанушы партия ретінде ұсынады. Сайлауалды бағдарламасы жерді сатуға тиым салу, мемлекеттік тілдің мәртебесін кеңейту, кәсіпкерлер алдындағы кедергілерді жою, бизнеске жеңілдетілген несие беру, ең бастысы мемлекеттің атауын өзгертіп, Қазақ Республикасы атауын қайтаруды қамтиды.

Келер жылдан бастап жерді сатуға жарияланған мораторий өз күшін жояды. Партия жер тұтастығын сақтап қалу мақсатында, жерді сатылады деген мәселені мүлдем күн тәртібінен алып тастау керек дейді.

Сондай-ақ, ақжолдықтар тотаритарлық биліктің қазақ халқына әдейі жасалған ашаршылықты геноцит деп мойындатуды ұсынды. Кейбір дерек көздеріне сүйенсек, зұлмат жылдары 2,5 миллион қазақ қырылып қалды.

Саяси партия Қазақстанда басқару жүйесін өзгерту керек деп санайды. Әлеуметтік-экононмикалық салада, саяси жүйеге де түбегейлі өзгерістер қажет. Егер бұл мәселені соза берсек  Украина, Беларусь пен Қырғыз еліндей мемлекеттік дағдарысқа әкеп соғуы мүмкін дейді партия серкесі. Елде парламентаризм институттарын күшейтуді және кезең-кезеңімен президенттік жүйеден парламенттік республикаға көшу бастамасын қолдайды.

Оффшордағы миллиардтарды елге қайтару мәселесі партияның бағдарламасынан көрініс тауып отыр. Тәуелсіздік алған жылдары елден 160 миллиард доллар қаржы шығарылған. Шенеуіктер шетелдегі шоттарында жатқан ақшаның қайдан  келгенін дәлелдеп, ашық анықтама беруі тиіс. Бұл халықаралық  тәжірибеде кең қолданылатын талап.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.