Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚ АЛТЫНЫ ҚҰНСЫЗ БА?

c 11:15, 01/12/2022 c 1892

0:00 / 0:00

Қазақстанда зергерлік бұйымдар өндіретін кәсіпорындарды алтын сатып алуда қосымша құн салығынан босату ұсынылды. Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Швейцария Конфедерациясының Федералдық Кеңесі арасындағы бағалы металдардан жасалған бұйымдардағы cынамалық таңбаны өзара тану жөніндегі келісімді ратификациялауә туралы заң жобасы қаралды.

Мәжіліс бекіткен келісім Қазақстан мен Швейцария арасындағы бағалы металдардан жасалған бұйымдар саудасын дамытуға, сондай-ақ металдың құрамын қайта тексеру және қосарланған таңбалау рәсімін оңтайландыруға ықпал етеді дейді шенеуніктер.

Қазақстанда әшекей бұйымдардың көлеңкедегі айналымы 90 пайызды құрайды. Оның ішінде тек бағалы металдар мен бағалы тастар айналымы да бар. Бизнестің көлеңкеге кетуіне 2018 жылы тазаратылған алтынға енгізілген қосымша құн салығының салынуы себеп болды дейді депутаттар. Бұл шешімнің салдары салық ауыртпашылығы ғана емес, заңсыз айналымға кетуге әсер етті. Статистикаға сүйенсек, 2017 жылы «Тау Кен Алтын» компаниясынан зергерлер 30 келі алтын алса, 2020 жылы қазақстандық зергерлер тек 12,5 келі алтын ғана сатып алған. Енді қосымша құн салығы алынып тасталынса, жағдай жақсарар деген үмітте депутаттар.

АЛЬБЕРТ РАУ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Швейцария жақсы ғой. Бірақ бес елдің басын қосқан Еуразиялық Экономикалық Одақтың ішінде біздің сынамалық таңбамыз мойындалмай отыр. Қазақстан жылда 80 тонна алтын өндірсе, соның тек 1 келісін ғана қайтаөңдеуден өтеді. Енді қосымша құн салығынан босатылса, жағдай түзелер»

Бүгінде Қазақстанда өндірілген зергерлік бұйымдардың басым бөлігі ломбардтар мен «қара» нарықтан алынған алтыннан соғылған. Себебі, онда салық жоқ. Тек көлеңкеде жүріп ғана, бәсекеге қабілетті болып отыр. Ал көптеген елдерде зергерлік бұйымдарды өндірушілерге қосымша құн салығы салынбайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.