Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Карантинге жатпағандар айыппұл төлейді

c 20:45, 19/02/2020 c 676

0:00 / 0:00

Әлемді жайлап жатқан қауіпті індет-короновируспен күрес күшейтілуде. Қазақстанда Бас санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес, елімізге сырттан келіп жатқан азаматтарды үш топқа бөліп жатыр. 6 ақпаннан бастап, Қытай жерінде болған азаматтар міндетті түрде ауруханаға  карантинге жатқызылады. Шарттарды бұзып, карантинге жатудан бас тартқан азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынады.

Короновирусқа қарсы күрес жұмысы күшейтілуде. Ақпанның 20-нан бастап еліміздің бас санитарының қаулысы күшіне енеді. Қаулыға сәйкес, елімізге шет елдерден келіп жатқан азаматтарды үш топқа бөліп отыр. Әр бекетте оннан аса жұқтырған азаматтары бар елден келгендер 14 күн үй карантиніне жатқызылады. Ал оннан аз науқас тіркелген қалалар мен мемлекеттерден келген азаматтар 24 күн дәрігердің қадағалауында болады. Қытай елінде болып, елге оралған азаматтарды мәжбүрлі түрде карантинге жатқызады. Бұл талаптарды орындамағандарға айыппұл салынады.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі індет өршіп тұрған кезде, қазақстандықтарға шетелге шықпауға кеңес берді.  Ал Жапониядағы лайнерде карантинде жатқандар бүгін шығарылды. Ондағы 4 қазақстандық короновирустан аман.

 Бас дипломаттың хабарлауынша, Қытайдың Ухань қаласынан тағы 2 қазақстандық елге әкелінеді. Оларды Украина ұшағы Алматы қаласына жеткізіп бермек.  Украина да Қытайдан өз азаматтарын еліне қайтарып жатыр екен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.