Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Карантиндік шектеулер жалғасуы мүмкін

c 17:21, 29/03/2021 c 275

0:00 / 0:00

Облыста коронавирус инфекциясына шалдығу көрсеткіші соңғы аптада 5 есеге көбейген. Оған қоса аурудың жаңа мутацияланған түрлері де пайда болыпты. Бұл туралы бүгін КВИ-ға қарсы жедел штаб отырысында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков мәлімдеді. Облыстың бас санитар дәрігері Мұхамғали Арыспаев наурыз айында аурушаңдық бірнеше есеге артқанына және оның негізгі себептеріне тоқталып өтті. Осы орайда өңірдегі күшейтілген карантиндік шектеу шараларын 16 сәуірге дейін жалғастыру қажеттігін де атап өтті.Сондай-ақ, облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері карантиндік талаптардың сақталуын қадағалайтын мониторингтік топтардың жұмысы оң нәтиже бермей отырғанын атап өтті. Мәселен, өңірде 168 мониторингтік топ құрылса, олар наурызда бетпердесіз жүргендерге қатысты 10 хаттама толтырған. Кафе-мейрамханаларда өткен көпшілік шаралар бойынша 4 факті ғана анықтаған. Бүгінгі күні инфекциялық кереуеттер саны 596 болса, соның 355-інде коронавирус инфекциясымен ауырғандар ем алуда. Қазіргі аурушаңдықтың тіркелуінің көбейіп тұрғанын ескере отырып, 14 күндік инкубациялық кезеңмен есептегенде әлі де өсу көрсеткіші байқалуы мүмкін. Және жыл басынан бері жұқпалы аурудан - 68 адам өмірмен қоштасса, олардың екеуінен аурудың мутацияланған түрі анықталған.Жедел штаб отырысын қорытындылаған облыс әкімі Ғали Есқалиев ең басты мақсат - тұрғындардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі екенін атап, осы міндетті атқаруда барлық күш-жігер жұмсалатынын айтты. Сондай-ақ эпидемиологиялық жағдай жақсармаса, қатаңдатылған карантиндік шектеулер қабылдауды тапсырды.
Өңір басшысы аурудан егде жастағылардың қайтыс болу деректерінің жиі тіркелуіне байланысты Жеңіс күні қарсаңында Соғыс ардагерлерін құттықтау шараларын қашықтан ұйымдастыру қажеттігін мәлімдеді. Яғни үйлеріне барып, арадагерлерге құрмет көрсету олардың денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Сол себепті жеңісті жақындатқандарға берілетін кәде сыйларды еріктілердің көмегі арқылы үйге дейін ғана жеткізіп, түрлі мерекелік шараларды жағдай тұрақтанған соң өткізуді ұйымдастыру қажет деді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.