0:00 / 0:00
Оралда «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» атты республикалық форум өтті. Жиынға өңірімізге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов пен мыңнан астам қоғам өкілі, белсенді аналар мен сарапшылар қатысты. Басқосуда ұлттық тәрбие, қоғамдық құндылықтар, жастардың болашағы және азаматтық жауапкершілік мәселелері талқыланды.










