Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕЛДЕ МАЙМЫЛ ШЕШЕГІНІҢ ТАРАЛУ ҚАУПІ ТӨМЕН ДЕП БАҒАЛАНДЫ

c 14:02, 20/10 c 1

0:00 / 0:00

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегіне қатысты мәлімдеме жасады. Бұған Ресейде осы инфекцияға күдікпен бірнеше адамның ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпарат себеп болған. Ведомствоның мәліметінше, әлемдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда. Халықаралық қатынастардың белсенділігіне байланысты инфекцияның Қазақстанға әкеліну қаупі жоққа шығарылмайды. Дегенмен оның ел ішінде кең таралу ықтималдығы төмен деп бағаланып отыр. Инфекцияның алдын алу үшін шекарадағы санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілген. Сондай-ақ ауру тіркелген елдерден келетін азаматтардың жағдайы бақыланып, медициналық ұйымдар мен зертханалардың дайындығы қамтамасыз етілген. Министрлік әлемдегі эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, қауіпті елдер тізімін де тұрақты жаңартып отырмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.