0:00 / 0:00
28 қазаннан бастап Орал қаласынан Мәскеуге тікелей әуе рейсі қатынайды. Ұшуды Ресейдің Nordwind (нордуинд) әуе компаниясы жүзеге асырады. Бұл тасымалдаушы Орал әуежайынан алғаш рет рейс орындамақ. Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, ұшақтар аптасына екі рет, сәрсенбі және жексенбі күндері қатынайды. Рейстер күзгі-қысқы маусым бойы орындалады. Жолаушылар сыйымдылығы 189 адам болатын Boeing 737-800 ұшағы пайдаланылмақ. Әуе билеттері сатылымға шығарылған. Жаңа бағыт өңір тұрғындарына Мәскеуге ауысып мінбей жетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Ресейдің өзге қалаларына және басқа елдерге сапарлауды жеңілдетеді.







