Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қаралы күн

c 19:02, 13/07/2020 c 602

0:00 / 0:00

Бүгін Қазақ елі қара жамылды. Қазақстанның барлық қаласында мемлекеттік тулар түсірілді.  Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен күндізге 12:00-де елде бірминуттық үнсіздік жарияланды. Осылайша қауіпті індеттің құрбаны болғандардың аруағына тағзым етілді. Соңғы ресми мәлімет бойынша, елде коронавирустан 375 адам қайтыс болды.  Бүгін Қазақстанда көңіл көтеру іс-шаралары өтпейді, радио және телеарналарда ойын-сауық бағдарламалар мен жарнамалар көрсетілмейді. Қазақстанда көптеген БАҚ-ры трагедияға байланысты ақ-қара түсті форматқа ауысты. 13 шілде мемлекет басшысының өкімімен Қазақстанда коронавирус індетінен қайтыс болғандарды ұлттық аза тұту күні болып жарияланғанды

Шілденің 13 күні түнгі 24.00 еліміздің мемлекеттік туы түсірілді.  Осылайша қазақ елі қара жамылды. Бүгін ел аза тұтып жатыр. Бейбіт заманда, ешбір соғыссыз қауіпті індеттен көз жұмғандар жүздеген адамды құрады. Қазақстандықтар коронавиурстың құрбандарын еске алып, аруақтарына тағзым етуде. Соңғы ресми мәлімет бойынша, елде коронавирустан 375 адам қайтыс болды. Бүгін күндізгі сағат 12.00-де Қазақстан бойынша  бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Ақорданың алдында коронавирус пандемиясы құрбандарын еске алды.

Індет құрбандарына тағзым ету рәсімі елордадағы өзге де әкімшілік ғимараттардың алдында өтті. Жалпыұлттық Аза тұту күні барлық мемлекеттік органдар мен әкімшіліктердің, шетелдік дипломатиялық мекемелердің ғимараттарындағы мемлекеттік ту түсірілді.Ел мешіттерінде індет құрбандарына арнап дұға оқылуда. Бұл Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдары ішіндегі 9-ы жалпыұлттық Аза тұту болып табылады. Елде  ұлттық аза тұту күндері ірі қайғылы оқиғалар салдарынан қаза тапқандардың құрметіне жарияланады.Адамдардың жаппай қайтыс болуы, теракт және басқа да қайғылы оқиғалар мен жоғары қызметтегі қайраткерлердің қазасына байланысты жарияланады. Аза тұту күні  Қазақстанда ойын-сауық іс-шаралары мен телебағдарламалар тоқтатылды. Өкінішке орай елде короанвируспен қатар өкпенің қабынуы өршіп отыр. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанда тарап жатқан вирустық пневманияның көрсеткіштері короанвирустың симптомдарымен сәйкес деп отыр. Алайда біздің денсаулық сақтау министрлігі әзірге пневманияны ковидтен бөлек қарастыруда. Министр Алексей Цойдың берген мәліметтеріне көз жүгіртсек, осы жылдың жарты жылында елде 98,5 мың пневманияға шалдыққан науқас тіркелген.Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 63 мыңды құраған. 2020 жылдың тек шілде айында елде 56 мың 800 науқастың өкпесі қабынған. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша 29 маусым мен 5 шілде аралығында, яғни бір аптаның ішінде коронавирустан 76 адам көз жұмған. Ал пневмониядан 415 науқас қайтыс болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.