Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қара сиырдың жыры

c 17:43, 17/02/2021 c 398

0:00 / 0:00

Әлеуметтік желіде аспанда қалықтаған қара сиырдың бейне түсірілімі тез тарады. Құрылысшылар Нұр-Сұлтан қаласында салынып жатқан ғимараттың төбесіне кранның көмегімен сиырды көтеріп, құрбандыққа шалған. Құрылысшылардың бұл әрекетіне қатысты іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Себебі, олар малды союда ветеринарлық-санитарлық талаптарды бұзғаны деп отыр ауыл шаруашылық министрлігі. Енді оларға айыппұл салынбақ.

Әлеуметтік желіде аспанда қалықтап тұрған сиырдың бейне түсірілім тез тарады. Кранның көмегімен сиырды биік ғимараттың төбесіне шығарып жатқанды көргендер, бұл жағдайды жануарды қорлау деп сынады.Құрылысшылар бұл әрекетті  сиырды құрбандыққа шалу үшін жасаған екен. Малды көпқабатты үйдің шатырына  шығарып, сойып, етін азқамтылған отбасыларыға таратып бермек болыпты. Негізінде малды соярда, жануарға пышақтың жүзін де көрсетпеген жөн. Алайда, құрылысшылар пышақ көрсетпек түгілі, байғұс сиырдың аяғын көктен келтіріп, кранға іліп, аспанда қалықтатып, есін шығарған сияқты. Енді осы ерсі әрекеттері үшін жауапқа тартылады.

Құрылыс орнының басшысы  Олжас Есенәлин, сиырды  мұқтаж жандарға таратып  беру үшін  сойған едік деп отыр. Ол осы жағдайға қатысты кешірім сұрады. Алайда, малды төбеге көтермей-ақ, неге жерде соймады екен деген сұраққа жауап айтпады. шум

Ал ауыл шаруашылық министрлігі  қасапшы құрылысшыларға қатысты әкімшілік шара қолданылады деп хабарлайды. Ірі кәсіпорын субьектілеріне қатысты айыппұл көлемі 500 мың теңгені құрайды.  Жалпы тәртіп бойынша, елордада мал соятын арнайы жерлер бар. Сондықтан  малды союда ветеринарлық-санитарлық талаптарды бұзбаған жөн.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.