Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қала күні тойланды

c 17:49, 09/09/2019 c 975

0:00 / 0:00

Орал қаласы еліміздегі ең көне және көрікті шаһарлардың бірі. Жылдағы дәстүрмен биыл да қала күні күз мезгілімен иықтаса жетіп, Жайық жұртшылығымен жоғары деңгейде тойланды. Атаулы мереке аясы жылдан жылға кеңейіп келетіндіктен, биылғы жылы мерекелік шаралар жаңаша сипатқа ие болды.Алаңдағы қала күніне арналған концерттік бағдарламаның шымылдығы ұлттық рухты көтерер театрланған қойылыммен ашылды. Шара аясында бұдан өзге қазақтың ұлттық әнінің аясында мың бұралған бишілер би билеп, домбыра шанағынан күмбірлеген күй төгілді.

Мерекелік шарада Ақжайықтың атырабындағы тарихқа тұнған қаланың бүгінгісі мен келешек әлеуетіне тоқталған өңір басшысы Ғали Есқалиев, қала жұртшылығын атаулы мерекемен құттықтады.

Одан соң Кәмшат Жолдыбаева, Нұрлан Керменбаев және "Алар" тобы бастаған еліміздің танымал жұлдыздары да қала жұртшылығы мен қала қонақтарының көңілін авторлық әндерімен көтеріп, кеш шырайын ажарлай түсті.

Орал қаласының туған күні биыл осылайша кең ауқымда аталып өтілді. Шарада от шашу болмағанымен, көрермендер меркеге дән риза, ал балалар үшін бұл той нағыз мейрам болған секілді.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.