Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қала аумағына 7 блок-бекет орнатылды

c 17:16, 05/05/2021 c 987

0:00 / 0:00

Санитарлық талаптардың күшейтілуіне негізгі себеп - дерттің дендеуі. Мәселен, 16-шы наурыздан бері өңір ауру таралу көрсеткіші бойынша қызыл аймақтар тізімінде. Сол себепті Орал қаласының кіреберісіне және Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі, Қазталов және Шыңғырлау аудандарында блок-бекеттер қойылды. Блок-бекеттер Орал қаласы аумағындағы жеті орында жұмысына кірісті. Мәселен, әр блок-бекеттен күніне шамамен 700-800 қатынайды. Бұл қаланың «Желев» бағытына қойылған блок-бекеті. Облыс орталығына қызмет бабымен қатынап жүрген тұрғындар өткен жылға қарағанда бірқатар мәселенің бар екенін айтады. Анығын айтқанда таңғы және кешкі уақытта ұзын-сонар кезектің кесірінен жұмысқа кешігіп жүргендерін жеткізді. Әзірге шектеудің қашанға дейін созылары белгісіз. Блок посттар арқылы күніне шамамен үш мыңға жуық көлік өтеді. Ал блокбекеттерден құрылымдық күштер мен денсаулығына байланысты емделу мекемесіне арнайы жолдамен жіберілгендер кедергісіз өте алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.