0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысында өңірдегі IT саласын дамытудың маңызды қадамына айналатын жаңа білім беру жобасы бастау алды. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде жасанды интеллект және цифрлық технологиялар мамандарын даярлайтын «Tomorrow School» кампусы ашылуда. Мұндағы оқу процесі заманауи форматта ұйымдастырылған және барлық ниет білдірушілерге қолжетімді.










