Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Импорттан қашан құтыламыз?

c 20:30, 16/03/2020 c 565

0:00 / 0:00

Импортқа тәуелділіктен арылып, отандық азық-түлікпен нарықты толық қамту мәселесі әлі де толық шешілмей келеді. Қазақстан ауыл шаруашылығын бірінші орынға шағыру үшін агрокәсіпорын кешенін тиісті деңгейде дамыта алмай отыр. Парламент мәжілісінде өткен Үкімет сағатында осы тақырып талқыланған еді. Депутаттар әлі де сөзден асып, іске жете алмай отырмыз деп ашуланды. Ауыл шаруашылық министрі болса 2024 жылға қарай ішкі нарықты 80%-дан 100%-ға дейін отандық өнімдермен толықтыруды армандап отыр.

Мәжіліс депутаттары алдында есеп берген ауыл шаруашылық министрі агро өнеркәсіпті дамыту үшін алдағы жылдарға арналған жоспарларын тізбектеп берді. Министр Омаровтың арманы импорт алмастырудан кетіп, отандық өнімді көбейту. Алайда, отандық ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге тұсау болып отырған мәселе көп. Біріншіден мемлекеттік субсидяиға бәрі бірдей қол жеткізе аламй отыр. Әдеттегідей нарықты өз орнын шегелеп алған ірі өндірушілер билеп тұр. Сондай-ақ, шаруалардың өнімдерінің бағасын ортадағы делдалдар кірісіп, асырып отыр.

Әлі  де болса импортқа тәуелділіктен арыла алмай отырмыз.

Депутаттардың айтуынша, агроөнеркәсіп саласын дамытудың нақты стратегиясы жоқ. Экспортқа шикізатты жіберіп қойып, дайын тамақты импортпен алуға мәжбүрміз.  Ал отандық ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер азық-түліктің 29 түрі бойынша нарықты қамтып отырған көрінеді.

Министр 2024 жылға қарай ішкі нарықты 80%-дан 100%-ға дейін отандық өнімдермен толықтыруды армандап отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.