Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Экс-министр ұсталды

c 11:37, 03/11/2020 c 372

0:00 / 0:00

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы ақпарат демалыс күндері әлеуметтік желіде тез тарады. Өз кезегінде Қаржы мониторингі жөніндегі комитетте әлеуметтік желіде тарап жатқан бұл ақпаратты жоққа шығармады.

Экс-министр Біртанов бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталып отыр. Қазір ол уақытша ұсату изоляторына қамауға алынды.Ал мұның алдында денсаулық сақтау министрінің бұрынғы орынбасары Олжас Әбішев 500 миллион теңгені қолды қылды деген күдікке ілініп, қамауға алынғанды.

Экс-министр Елжан Біртанов елде қауіпті індеттің таралуы өршіген сәтте қызметінен кеткен болатын. Біртанов денсаулық сақтау министрі қызметін атқарып жүріп, коронавирус жұқтырып, ауырып қалды. Бұл маусым айының орта кезі болатын. Ол бірден  елордадағы  жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, ем-дом алды. Кейін  денсаулығына қатысты қызметінне босату туралы Президентке өтініш білдірген ақпарат тарады. 25 маусым күні президент жарлығымен Біртанов министр қызметінен босатылып, оның орнына Алексей Цой тағайындалғанды. Бұл елде ковидтің өршіп, мыңдаған адам жұқтырып, індеттен көз жұмғандар саны артып, дәрі тапшы болып жатқан кез болатын. Не керек Елжан Біртанов қызметінен босатылды. Алайда, денсаулық сақату саласында қауіпті індетпен күреске бөлінген миллиондаған қаржаттың қолды болғаны туралы ақпарат шыға бастады. Дәрі тапшылығы қолдан жасалғаны, ковидпен күресіп жатқан дәрігерлерге өтемақыны дұрыс берілмегені, жалпы індет жұқтырған науқастарға емнің дұрыс жүргізілмегені жайында да мәліметтер тарады. Міне төрт айдан соң, экс-министр Елжан Біртанов 526 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен қамауға алынып отыр. Демалыс күндері Біртановтың уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде тез тарады. Қаржы мониторингі жөніндегі комитет  бұл  ақпаратты растап отыр. Әзірге бұрынғы денсаулық сақтау министріне қатысты тергеудің қалай жүріп жатқаны жарияланбайды делінген комитеттің хабарламасында. Экс-министр жымқырды деген 526 миллион теңге денсаулық сақтау жүйесінің байланысын қамтамасыз ету және ақпарат платформаларын сатып алуға бөлінген болатын. Өткен жылы Парламенттің алдында саланы цифрландыру бойынша есеп берген Біртановқа сеніп едік дейді депутат Өксікбаев.

Өкінішке орай денсаулық сақтау саласын басқаруға келген жаңа министр Алексей Цойдың да шаруаны қатырғаны шамалы сияқты. Ауруханаға жатып шыққан мәжілісмен денсаулық сақату саласының бұл кемшін тұсын өз көзімен көрдім дейді. Ал халық денсаулығына қазынадан триллиондап қаржы бөлініп, қолды болып жатыр.

Қылмыстық кодекстің 189-бабына сәйкес ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу") тергеу жүргізіліп жатыр. Елжан Біртанов еліміздің денсаулық сақтау министрлігін үш жарым жыл басқарды. Ал мұның алдында денсаулық сақтау министрінің бұрынғы орынбасары Олжас Әбішев 500 миллион теңгені қолды қылды деген күдікке ілініп, қамауға алынғанды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.