Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Экономикалық қылмыс

c 19:34, 21/09/2020 c 1296

0:00 / 0:00

Қазақстанның бұрынғы денсаулық вице-министрі Олжас Әбішев 500 миллион теңгеден астам қазына қаржысын жымқырды. Экс вице-министрге осындай айып тағылып отыр. Бұл жайында қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Еламанов брифинг барысында айтты. Тамыз айының басында Әбішевтің қамауға алынғаны туралы ақпарат тарағанды. Жалпы елде ұйымдасқан экономикалық қылмыс өршіп тұр. Құзырлы органның мәліметінше, соңғы сегіз айда 44 қылмыстық іс қозғалған.

Жарты млрд теңгені қолды қылған экс вице-министр Олжас Әбішевке қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Әбішев ағымдағы жылдың тамыз айында қамауға алынды. Желіде арнайы жасақтың экс шенеунікті үйінен алып кетіп бара жатқан видео тарағаны есімізде.  Олжас Әбішевтің қазына қаржысына қол сұғып, қомақты қаржыны  жымқырғаны мәлім болды. Ол ақпараттық жүйелерді жасауға бөлінген 500 миллион теңгеден астам қаржыны қолды қылған.

Жанат Еламанов – ҚР ҚМ қаржы мониторингі комитетінің төрағасы «Бұрынғы вице-министр ақпараттық жүйелерді құру шаралары аяқталмаса да, атқарылған жұмыстар туралы актіге қол қойған.Сол кезде ақша толығымен төленді. Бірақ пайдалануға берілген ақпараттық жүйе жұмыс істеп тұрған жоқ. Осылайша, бюджетке ірі көлемде шығын келді. Бұл қылмыс пандемияға дейін, нақты айтсақ, 2018 жылдың аяғында жасалған"

Экс шенеунік Олжас Әбішев денсаулық сақтау вице-министрі лауазымында көп отырған жоқ. Ол бұл қызметке 2018 жылы тағайындалған болатын. Әбішев цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері саласына жетекшілік еткен еді. Сонжай-ақ, қаржыгерлер елде ұйымдасқан экономикалық қылмыс  өршіп тұрғанны айтады. Соңғы бес жылда рекордтық көрсеткішке жетіп отыр. Соңғы сезгіз айда ұйымдасқан қылмысқа қатысты 44 іс қозғалған. Ал 1394 экономикалық қылмыстық іс қозғалды, оның жартысы ауыр және аса ауыр қылмыстар. Нәтижесінде қайтарылған сомма мөлшері 20 пайызға артып, 33 млрд теңгені құрады.

Жанат Еламанов – ҚР ҚМ қаржы мониторингі комитетінің төрағасы «Қандай да бір қызмет атқармайтын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің есепшоты арқылы екінші деңгейлі банкттерден қаражатты заңсыз шешкен 60-тан астам ұйымдасқан қылмыстық  топ анықталды. Олар 1200 –ден астам бақылаусыз компания құрған. Сол арқылы 2 трлн теңгеден астам ақшаны қолды еткен. Барлығына қатысты қылмыстық іс қозғалып, 98 тұлға күдікті ретінде танылды, 28-і тұтқынға алынды және 29-ы үйқамаққа алынды.»

Ел қазынасына қол сұғып, халықтың ақшасын ұрлаушылар қатарында өнер саласының  адамдары да бар. Елордадағы Конгресс-Холл концерт залының бұрынғы директоры Сәкен Әбдірахманов 1 миллиард 800 миллион теңгені жымқырған деген күдікке ілініп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.