Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Экономикаға тиген соққы

c 09:16, 12/08/2020 c 596

0:00 / 0:00

Ел экономикасының ахуалы көңіл қоншытпайды. Үкімет отырысында экономиканың даму барысын талқылаған министрлер кабинеті мен Ұлттық банк Қазақстан экономикасының төмендеу себептерін айтты. Ұлттық Банк төрағасы Ерболат Досаев пандемия көптеген елдің экономкиасының төмендеуіне әкеп соқты деді. Бұл соққы Қазақстанға да тиді. Бұған қоса, ұлттық валютамыз да құнсызданып жатыр. Шенеуніктер экономикалық ахуалды баяндағанымен, оның шешу жолдарын атамады. Тек деректерді алға тарумен шектелді.

Қазақстан экономикасы төмендеп жатыр. Бұған елде тараған қауіпті індет пен мұнайдың әлемдік бағасының құлдырауы себеп болды.  Елде енгізілген қатаң карантин шараларынан қызмет көрсету көлемі төмендеді.  Ал бюджет тек Ұлттық Қордан тартылып жатқан қаржаттың арқасында  жан сақтап отыр. Биыл Ұлттық қордан алынған трансферт көлемі  11 млрд долларға жетті. Сөйте тұра Ұлттық банк базалық пайызды 9 пайыздан төмендетпеді. Осылайша, елде экономиканы несиелендіру өсімі тоқтап қалды. Енді бас банкир ел экономикасына тиген соққыны айтып отыр.

Ұлттық экономика министрлігі де экономиканың өсіміне мұнайдың қазіргі бағасы кері әсер етті дейді. Яғни шикізатқа тәуелді ел экономикасы бұл дағдарыста тұралап қалды.

Қазына қаржысына шағын және орта бизнесті дамытамыз деген қаншама бағдарлама әзірленді. Алайда, оның нәтижесін көрмей отырмыз. Енді үкіметтің ұсынып отырған даму бағдарламасы сол баяғы ескінің көзі. Еш жаңашылдық жоқ. Оған қоса, доллар шарықтап, теңгеміз құнсызданып жатыр.

Бұл аздай, елде азық-түлік бағасы да өсті. Карантин барысында табысынан айырылғандардың қалтасын қаққан инфляция көлемі 7,1 пайызды құрады. Азық-түлік бағасының жылдық өсімі 11,3 пайызға жетті. Әсіресе ең қажетті деген нан-тоқаш өнімдері мен жармалар сондай-ақ, жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасы шарықтап кетті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.