Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Экологиялық сағат

c 19:53, 03/10/2019 c 1428

0:00 / 0:00

Бүгін республика бойыншаеліміздегі барлық мектепте «Эко-сағат» кең көлемді акциясы бастау алды. Бұл күн кездейсоқ таңдалған дата емес. 3 қазанда Дүниежүзілік мекендеу орнын қорғау күні аталып өтеді, - деді.  Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев. Бүгін елорда мектептерінің біріне бас сұққан министр оқушылармен кездесіп, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын айтып, тал отырғызды.

Еліміз бойынша бастау алған экологиялық сағат акциясы барысында  білім ордаларының аулаларында 200 мыңнан аса ағаш отырғызылды. Қазақстанның бас экологы Қазақстанда «эко-сағат» өткізу дәстүрге айналып, халықты экологиялық тұрғыда тәрбиелеуге едәуір үлес қосады дейді. Эко сағатқа дәл осы күнді таңдаудың да өз себебі бар. 3 қазан Дүниежүзілік мекендеу орнын қорғау күні болып табылады. Акцияға Қазақстандағы 6 мың мектеп пен 2 млн оқушы қатысты. Елордадағы №74 мектепке бас сұққан экология министрі оқушыларға экологиялық сағат өткізіп, балаларға қоршаған ортаны қорғау туралы мультфильм көрсетілді. Сондай-ақ, министр оқушылармен бірге тал отырғызу рәсіміне қатысып, үлгі көрсетті. Жалпы республика бойынша осы күзде  1 млн тал отырғызу жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, министрге биология сабағында оқушылардың қатысуыменн бидай өсіру тәжірибесі көрсетілді. Үш күндік бидай дәнінен шырын дайындайды екен.

Бұл  мектепте гүл өсіру шаруасы кеңінен қолға алынған екен. Оқушыларды экологияны қорғауға тәрбиелеуді мектеп ұстаздары осындай тәсілмен жүргізіп жатыр. Меткеп оқушылары осы жылы 300 жуық гүл өсіріпті. Өз кезегінде Экология министрі Мырзағалиев қоршаған ортаға залал келтіргендерді жазаға тарту қатаңдатылатынын айтты. Әзірленіп жатқан жаңа Экологиялық кодексте ауаны ластап отырған барлық кәсіпорындарды  эмиссиялар мөлшерін онлайн бақылайтын  арнайы құрылғылар орнатуға міндеттеу қарастырылған. Не керек ірі кәсіпорындарға қатысты айыппұлдар көлемі де 10 есеге өседі. Осылайша, қоршаған ортаға зиян келтіргендерден түскен айыппұлдар тек экологияны қорғауға жұмсалатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.