Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дизель отыны жеткілікті

c 11:40, 03/11/2020 c 426

0:00 / 0:00

Қазақстанның энергетика министрлігі дизель отынының импортына тыйым салуды ұзартады. Бұл жайында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен барып, бірнеше өндірістік нысандарды аралау барысында айтты. Нұрлан Ноғаев өңір  басшысы Әбілқайыр Сқақовпен бірге екі жылу электр орталығында, Павлодар мұнай-химия зауытында және «Нефтехим LTD» ЖШС-да аралап, жұмысымен танысқан болатын.

Осылайша елде импортқа тәуелділікті жоюға қол жеткізіле бастағандай. Қазақстан дизель отынына сырттан әкелуге шектеу қойған болатын 2013 жылдан бері осы тәжірибені қолдануда. Бұл отандық мұнай өнімдерімен толыққанда енгізілетін шектеу.  Үш бірдей мұнай өңдеу зауытының қайта жөндеу жұмыстары аяқталды. Ішкі сұраныс толығымен қамтылуда. Енді  жанармай мен авиакеросин, дизель және қазандық отыны (мазут), мұнай коксы мен жол битумын шығаратын Павлодар мұнай-химия зауытының күш қуаты бұл тапшылықты жоюға мүмкіндік беріп отыр. Яғни  дизель отынының импортына тиым салу ұзартылмақ.

Нұрлан Ноғаев –ҚР энергетика министрі "Біз дизель отынын әкелуге тыйым салуды келесі жылдың сәуір айына дейін ұзартуды жоспарлап отырмыз, қысқы және арктикалық отынды қоспағанда. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім әлі қабылданбады. Бірақ ішкі нарықта дизель отынын шамадан тыс толтырудың алғышарттары бар екенін атап өткім келеді".

Пандемия кезінде мемлекеттік органдар қоймалардың толып кетуіне жол бермеу үшін шаралар қабылданып, соның арқасында  зауыттар тоқтап қалмады және ішкі жанар-жағармай нарығында теңгерімді сақтап қалдық, - дейді министр. Ендігі мәселе Қазақстанның мұнай өнімдерін экспорттау. Бұл бойынша құжаттарды рәсімдеу жүріп жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.