Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Димаш елге оралды

c 19:47, 12/12/2019 c 1196

0:00 / 0:00

Алып Американы аузына қаратқан ханзадамыз-Димаш елге оралды. Өздеріңізге мәлім, Димаштың Нью-Йорктің әйгілі Barclays Center аренасындағы  Arnau tour ENVOY атты концерті аншлагпен өтті.  Әлемді мойындатқан Димашты американдықтар Д үлкен құрметкеп қарсы алғаны мәлім. Кейбір ақпарат көздерінің хабаралуынша, Димаштың концертіне бару үшін белгілі перулік әнші өз концертін шегеріп, әншімен кездесуге барған.Ал бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  Димаш Құдайбергеновке  «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын берді.  Бүгін Димашымыз елге оралды. Әншіні елорда әуежайында жанкүйерлері  қарсы алды. Біздің арна тілшілері де әлемдік жұлдызды қарсы алған еді.

Ерекше дауысымен әлемді аузына қаратқан әнші Димаш Нью-Йорктегі  сәтті өткен концертінен соң елге оралды. Нұр-Сұлтанға ат басын тіреген әншіні асыға күткендер көп болды. Елорда әуежайына жүздеген жанкүйер келді. Қолдарында Димашқа арнаған сыйлықтары мен шоқ гүлдері бар. Әншінің ұшағы келіп қонғанша әуежайдың ішін Димаштың әнімен тербеткен жанкүйерлер оның өнерін қалт еткізбей  бақылап отыратындарын айтады.

Мұхиттың арғы жағынан ұшып келген өнер иесін жанкүйерлер елордада үлкен қошеметпен қарсы алды. Димашты ортаға алған жанкүйерлер журналистерге тілдесуге мұрша бермеді. Ал әншіні қазақ жері сүйінші хабармен қарсы алды. Дәл осы уақытта Ақордада  Тәуелсіздік күніне орай өткен мемлекеттік марапаттау рәсімі барысында Димаш Құдайбергеновке  «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

Димаштың әкесі бұл жақсы хабарды естіп, қазақ халқының қолпаштауына ризашылығын білдірді.

Бұған дейін қазақстандық әншінің  20 мың адам жинаған Нью-Йорктегі концертінде  аншлаг болды. Әлемік жұлдыз ән кешінде ғаламат шоу жасады. Концертте Димаш ескі әндерді де, ән кешіне арнайы дайындалған жаңа туындыларды да орындады.Талант иесі қазақ, ағылшын, орыс, қытай, француз және итальян тілдерінде ән шырқады. Американдықтарға қазақтың қара домбырасының үнін паш етті. Концерт Қазақстанның АҚШ-тағы мәдениет күндері аясында өтті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.