Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Демалыста локдаун сақталады

c 10:27, 10/09/2020 c 408

0:00 / 0:00

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой демалыс күндері локдаун сақталатынын мәлімдеді. Бұл ел ішінде қауіпті індеттің таралуына жол берему үшін қажет дейді ол. Бұл мәселе үкіметтің отырысында талқыланды. Министрінің айтуынша, елімізде коронавирус жұқтырған 106 498 адамның ішінен 100 042 науқас немесе  98 %-і сауығып шықты.Елде өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 73 жаңа жағдайы және коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 450 жағдайы тіркелді. Жеті адам қайтыс болды.

Елде қауіпті індеттің таралуы бәсеңсіп,   эпидемиологиялық жағдай тұрақтылып жатыр. Ковид инфекциясын жұқтыруды өршітіп алмау үшін, демалыс күндердегі карантиндік талаптар сақталатын болады. Яғни ірі сауда орындары жабылып, қоғамдық көліктерді тоқтатып отыру жалғаса бермек. Осылайша министр Цой үкіметтің отырысында  демалыс күндері локдаун сақталатынын айтты.

Алексей Цой- ҚР ДСМ "Оң динамиканы төмендетіп алмау үшін демалыс күндері кейбір шектеу шаралары мен локдаун сақталады. Қатаң шектеу шараларының арқасында 5 шілдеден бастап төсек-орын тапшылығы азайып, емханалар үйге барып қызмет көрсету форматына ауысты».

Министр COVID-19 инфекциясы мен пневмония жұқтырған  1 364 медицина қызметкері мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемақы алды. Аталған ауру салдарынан қайтыс болған 13 медицина қызметкерінің отбасына өтемақы төленді дейді. Еске сала кетейік, медицина қызметкерлеріне ковид жұқтырған жағдайда 2 миллион теңге төленеді. Ал еіндет жұқтыру салдарынан қайтыс болған марқұмның отбасына 10 миллион теңге өтемақы төлеу қарастырылған.

Сондай-ақ, Алексей Цой  елімізде 2 миллион 798 мың адамға, яғни халықтың 15 пайызына  вакцина егіледі деген болжауын айтты. Коронавирусқа қарсы міндетті вакцинациялауға созылмалы ауруы бар, 60 жастан асқан адамдар, медицина қызметкерлері мен педагогтар кіреді. Өз кезегінде ішкі істер министрі полицейлерді де осы тізімге енгізуді сұрады.

Ерлан Тұрғымбаев – ҚР ІІМ "Полиция қызметкерлері де тәуекел тобына жатады. Оларды осы тізімге қосуға бола ма? Олар да дәрігерлер сияқты қашықтан жұмыс істемейді, медицина мекемелерінің маңында жүреді"

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.