Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дәрігерлер дауы

c 18:05, 01/10/2019 c 695

0:00 / 0:00

Алматылық дәрігерлердің қамауға алынуына Алматы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың қатысы жоқ. Еліміздің ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Үкімет дәлізінде журналистер сұрағына осылай деп жауап берді. Еске сала кетейік,  Алматыда №4 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев пен анестезиолог Асқар Тұңғышбаев ұсталып, сот шешімімен екі айға қамауға алынған еді. Дәрігерлерге Қылмыстық кодекстің 317-бабы, 3-бөлігі "Медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің кәсіби міндеттерін тиісті деңгейде орындамауы" бойынша айып тағылды. Бұл дәрігерлердің қамауға алынуы  Алматы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың ұлы Нұрсұлтан Күдебаевтың өлімімен байланысты болуы мүмкін деген мәлімет тарады. Кейін дәрігерлер қауымы бас көтеріп, бұл әділетсіздік екенін айтып, іске  ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев араласқан болатын.

Алматы полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың ұлы,  марқұм Нұрсұлтан Күдебаев  квадроциклмен жол апатына түскен болатын.Алматы аураханасында ем алып жатқан  оны Германияға емдеуге алып кеткенді. Алайда, тамыз айының соңында Нұрсұлтан Күдебаев Германиядағы емханалардың бірінде көз жұмды. Осыдан соң марқұм ем алған Алматы қалалық 4 клиниканың дәрігерлері Тезекбаев пен Тұңғышбаев  екі айға қамауға алынды.Бірден  полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев лауазымын асыра пайдаланып, ақ халатты жандарды қамауға алды деген қауесет те тарады.Осы мәселеге қатысты дәрігерлер қауымы бас көтеріп, іске ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев араласқан соң, дәрігерлер ешқайда шықпау туралы қолхатпен босап шықты.Алайда оларға қатысты тергеу ісі жүріп жатыр. Министр болса бұл іске Алматылық бас полицейдің қатысы жоқ деп отыр.

Егер дәрігерлер Тезекбаев пен Тұңғышбаевтың  кінәсі дәлелденсе, үш жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылып, бес жылға дейін сотталуы мүмкін. Айта кету керек, бұл іс бойынша тергеуді  ішкі істер министрлігі де емес, , прокуратура да  емес, экономикалық тергеу қызметі жүргізді дейді министр.Себебі марқұм прокуратурада жұмыс істеген, ал әкесі Серік Күдебаев полицияда істейді. Ал бұл жағдайда үшінші жақ - экономикалық тергеу қызметі болып отыр. Айтпақшы алматылық дәрігерлердің ісінен кейін, Ішкі істер министрі қамау изоляторына түскндердің шашын алып тастауға тиым салды.

Ерлан Тұрғымбаев – ҚР ішкі істер министрі; «Бізде санитарлық эпидемиологиялық нормаға сәйкес, уақытша қамау изоляторына түскен адамның шашын 1,5 сантиметрге дейін алып тастау туралы бұйрық болды. Мен осы бұйрықтың күшін жою туралы шешім қабылдадым. Енді сот шешім шығарып, адам түзету мекемесіне түспейінше, оның шашын алмайды»

Министрдің бұл тиымы дәрігер Тезекбаевтың жұбайының шағымынан кейін енгізіліп отыр ма, Тұрғымбаев мырза нақтыламады.  Хирург Қанат Тезекбаевтың жұбайы тергеу изоляторында күйеуінің шашын тақырлап алып тастағанын айтқан еді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.