Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Цифрлы қадағалау

c 17:43, 30/09/2019 c 678

0:00 / 0:00

Елімізде қылмыстық істердің 18-20 пайызы электронды тәртіпте тергеліп жатыр.Цифрландыру аясында жүзеге асып жатқан  «Электронды қылмыстық іс жобасы» сотқа дейінгі қылмыстық істердің барлығы электронды форматқа ауыстырылып жатыр. Яғни, құқықбұзушылық тіркелгеннен бастап сот шешім шығарғанға дейін барлығы электронды форматта жүргізіледі. Бұл жайында Бас прокуратураның  құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Бағлан Бекбаев хабарлады.Сондай-ақ, прокурор азаматтардың арыз-шағымдарын да электронды жүйеде қадағалаудамыз дейді.

Жаппай цифрландыру аясында енді қылмыстық істерді жүргізу барысы да электронды жүйеге көшіп жатыр. Бүінгі күні  қылмыстық істердің 18-20 пайызын электронды форматқа көшірдік деп отыр қадағалаушы орган. Яғни, құқықбұзушылық тіркелгеннен бастап сот шешім шыққанға дейін барлығы электронды форматта жүргізіледі.Сондай-ақ, жазаны атқару процесін автоматтандыру көзделіп отыр. 2018 жылдан бастап қылмыстардың жеңіл түрін тергеу жұмыстары енгізілсе, осы жылы орташа деңгейдегі қылмыстар электронды түрде тергеле бастады. 2021 жылдың соңына дейін бұл саланы автоматтандыру көзделіп отыр. Бұл жоғалып кететін, жасырып қалатын қылмыстық істер тізімін қадағалау үшін тиімді  дейді прокурор.

Электронды жүйенің тағы бір артықшылығы , сотқа дейінгі тергеу қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, қылмыстық іске қатысушылар мен адвокаттарға бірқатар басым мүмкіндіктер  береді. Сот өндірісінің ашықтығы қамтамасыз етіліп, материалды қолдан жасау тәуекелдері азайды. Тергеу процесінің уақыты да қысқарды. Ал, қылмыстық істерді терегу барысына, сот шешіміне наразы азаматтардың өтініштері, арыз-шағымдары да электронды түрде қаралады. Прокуролар қазақстандықтардың шағымдарын жедел түрде назарға алып, шара қолданамыз деп сендіреді.

Бағлан Бекбаев – ҚР бас прокуратурасының комитет төрағасының орынбасары: «Барлық арыз-шағымдарды есепке аламыз. Егер оның өтініші қараусыз қалып жатса, я болмаса азаматтың жауапқа көңілі толмаса, толық ақпарат ала-алмаса прокуратура жедел түрде мәселені назарға алып, шешім қабылдайды».

Бірақ, электронды шағымға жауап беруге екі күн қажет дейді прокурор. Сонда, цифрландыру жүйесінің артықшылығы осы ма деген сауал туады. Шағымданушы электронды жүйеде екі күн телміріп жауап күткенше, прокуратура ғимаратына екі барып жауап алып үлгереді ғой деген ой туындайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.