Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ата кәсібі

c 20:04, 11/10/2019 c 743

0:00 / 0:00

Ауыл шаруашылығына тиесілі 36,8 млрд теңгені құрайтын субсиядияны бергізбей қойған қаржы министрлігі тағы да сынға ілікті. Бүгін Парламент Сенатында 2019 жылғы республикалық бюджетті нақтылау барысында депутаттар осы мәселені қайта көтерді. Еске сала кетейік, мал шаруашылығын дамытуға берілетін субсидия бойынша қаржылай төлемді қажы министрлігі талдау жұмыстары толық емес деп, тоқтатып тастаған болатын. Осы субсидияға үміт артып отырған шаруалардың жұмысы аяқсыз қалуда. Бұған дейін мәселені мәжілісмендер көтерген болатын. Енді оны сенаторлар тағы да еске салды.

Мал шаруашылығы - ауыл халқының күн көріс көзі. Осы салада кәсібін айналдырып отырған шағын шаруашылықтар үшін мемлекеттік субсидия үлкен қолдау. Алайда, биылғы жылы шаруалар күткен бұл қаражат қолжетімсіз болып отыр. Себебі, қаржы министрлігі мал шарушалығын дамытуға арналған 36,8 млрд теңгені талдау жұмыстары жоқ деген сылтаумен тоқтатып тастады. Осылайша, шаруалар бұл қолдаудан қағылды. Өткен жолы бірқатар мәжіліс депутаты бюджет жобасын қарауда осы проблеманы байқап, қаржы министрлігін сынға алға болатын. Енді бюджетті нақтылау жобасы сенаттың қарауына түскенде, жоғарғы палата депутаттары да ауыл шаруашылығын субсидиялау мәселесіндегі шикілікке шүйлікті.

Осымен екінші рет депутаттардан сөз естіген қаржы вице-министрі Шолпанқұлов, мал шаруашылығын дамытқысы келетіндер субсидия алу үшін, нақты талдамаларын көрсетсе қаржыны бөлеміз деп отыр.

Қазақстанда ауыл шаруашылығы басым сала болып табылады. Дегенмен,ауыл шаруашылық өнімдерінің 40 пайызы шетелден импортталады. Отандық өнімді өндіру әлі кенже қалып отыр. Себебі, елде ауыл шаруашылық саласын дамытуға бөлінетін субсидия қажетіне жетпейді. Бұл салада жұмыс күші де аз. Кейде, шаруаларға млрдтап бөлінген субсидиялар, мүлдем басқа мақсатқа жұмсалып та кетіп жатады.  Депутаттар агроөнеркәсіп саласын дамыту үшін субсидияның механизмін қайта қарауды ұсынса, экономистер жеңілдетілген пайызбен несие берген жөн деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.