Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Биыл БҚО əкімдігі ЖОО-на 100 грант бөліп отыр

c 11:58, 06/08/2018 c 1280

0:00 / 0:00

Биыл ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен білім гранттарының саны 20 мыңға дейін ұлғайған болатын. Осылайша 53 мың жарым талапкер тегін оқу мүмкіндігін иеленгелі отыр. Қазіргі күні аталмыш гранттар бойынша тапсырылған құжаттармен комиссияның жұмысы аяқталған. Оның нәтижесін БАҚ беттері мен ғаламтордан қарап білуге болады.

Бұл грантқа оқуға түсіп, қуаныштан көз жасына ерік берген талапкер. Байқауға қатысушылар өз нәтижелерін баспасөз беттері мен ғаламтордан қарап біле алады. Биыл БҚО-да 3652 түлек ҰБТ-ге қатысса, оның 90 пайызына жуығы шектек балды жинаған. Былтыр заңға енгізілген өзгерістерге сай, елімізде білім гранттарының саны артқан болатын.

Былтыр облыста жергілікті бюджет есебінен 190 грант бөлінген болса, биыл 100 грант қарастырылған. Оның ішінде М.Өтемісов атындағы БҚМУ-де 11 мамандық бойынша 46 грант, Марат Оспанов атындағы мед.университетіне 19 грант, Нұр мүбәрак университетінде ислам тану мамандығы бойынша 6 грант, , Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-де білім алуға 22 грант бөлінген.

Талапкерлерден жергілікті бюджеттен бөлінетін гранттарға құжат қабылдау жүріп жатыр.
Айта кетейік, биыл сырттай оқу бөлімдеріне білім гранттары соңғы рет бөлініп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.