Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мемлекеттік білім гранттары игерілмей жатыр

c 18:24, 01/07/2021 c 915

Ақтөбеде мемлекеттен бөлінген гранттар игерілмей жатыр. Себебі мұндай бөлімдерде оқуға ниет білдірген және сынақтардан сүрінбей өткен студенттер саны жеткіліксіз. Аталмыш өңірде мектепте орыс тілі мен орыс әдебиеті пәнінен сабақ беретін мұғалімдерді оқыту үшін бюджеттен ақша бөлінген. Бірақ осы мамандықты таңдаған түлектердің қарасы аз көрінеді. Өңірде орыс тілі пәні мен бастауыш мектептің мұғалімдеріне сұраныс жоғары. Ал кадр тапшылығы мәселесі біраз уақыттан бері шешілмей келеді.

Ақтөбелік университеттер грантта оқитын студенттерді жинай алмай әлек. Әсіресе, орыс тілінде білім алатын студенттердің саны аз. Сол себепті қазынадан бөлінген гранттар игерілмей қалады. Жыл санап педагогтарға деген сұраныс артуда. Қазіргі таңда облыс мектептерінде 78 маман тапшы. Оның 27-і орыс тілінде сабақ беретін бастауыш сыныптың мұғалімдері. Енді міне кадр тапшылығы мәселесін шешуді жергілікті жоғарғы оқу орындары қолға алып жатыр.

Ақтөбенің мектептерінде математика, физика мен химия пәндерінен сабақ беретін мұғалімдерге сұраныс көп. Ауылдық жерлерде кадр тапшылығын "Дипломмен ауылға" бағдарламасының көмегімен шешіп келеді. Мәселен, Құбайдерген Жұбанов университетінің түлектері түгел жұмыспен қамтылады екен.

Биыл облыс әкімі 80 грант бөліпті. Гранттық бөлімдерде ең сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадр тапшылығын жою бағытында жас мамандар оқытылмақ.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.