Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бет пердені шешіңіз

c 17:49, 05/09/2019 c 808

0:00 / 0:00

Еліміздің Ішкі істер министрлігінде қол астындағы қызметкерлерінің  дөрекі бұзушылығы үшін 50 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.  Бұл жайында бүгін елордада өткен  ішкі істер органдарындағы ашықтық, айқындық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы  әрекет тақырыбындағы дөңгелек үстелде айтылды. Жиынға құқық қорғау органдарының, сыбайлас-жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері, Парламент депутаттары, Сенім Ұлттық кеңеңс мүшелері қатысты.

Ішкі істер органдарында сыйбайлас-жемқорлықтың барын басшылары да мойындап отыр. Ол үшін іште күрес жүріп жатыр дейді. Бүгінде адами фактордан кетіп, цифрландыру арқылы іс-қағаздар  барлығы электронды форматқа көшірілуде. Ал жемқорлыққа былғанып отырған шенділер өз жазасын алуда.

Арман Саданов – ҚР ІІМ ішкі қауіпсіздік департаментінің басшысы

«Бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желіде біздің қызметкерлерге қатысты сыни фото, бейне түсірілімдер шығып жатады. Біз мұндай деректерді бірден назарға алып, тексеріп, қатаң шара қолданамыз. Өз тарапымнан құқық бұзушылық бойынша алдын алу шаралары жалғасуда және күшейтіліп жатыр дегім келеді»

Өз кезегінде «Ішкі істер министрлігіндегі реформа үшін» азаматтық топ бірқатар ұсыныстарын алға тартып отыр. Олардың айтуынша, бүгінгі Ішкі істер министрлігінің қызметі тиімсіз. 165 мың қызметкері бар Ішкі істер министрлігінде саны көп, сапасы жоқ адамдар жұмыс істеп жатыр. Полицейлердің жемқорлыққа жақындығы  тағы бар. ІІМ елдегі мемлекеттік органдардың ішінде сыйблас -жемқорлыққа белшеден батқан орган болып табылады. Белсенділердің пікірінше, полиция халыққа емес, басшысына қызмет етеді.

Нұрлан Баймырзаев – «Nur Otan» партиясының өкілі

«Біз ішкі істер органдарынан, басқа да мемлекеттік қызметкерлерден халыққа қызмет етуді талап етеміз. Олар халыққа емес, өз басшысына қызмет етіп жүреді. Халыққа олардың уақыты жоқ, басшының алдына есеп беруі керек, тағысы -тағы. Осы жерде олардың жұмысын регламенттеу керек. Өз қызметін дұрыс атқаруы тиіс».

Сондай-ақ, дөңгелек үстел барысында, полицейлердің имиджін жақсарту, оларға деген халық сенімін арттыру мәселелері талқыланды. Ең бастысы халықтың алдына бет перде киіп шықпай,  ашық болуы тиіс дейді олар.

Мұхтар Тайжан - қоғам қайраткері

«Біз көрген көріністер, полициейлерге қатысты теріс пікірлер туғызуда. Биылғы митингілерде тәртіп сақшылары әже-аталарды сүйрей жөнелген көріністердің өзі полицияның әрекетіне үлкен сын. Әсіресе бет перде киіп алып шыққандары тым артық кеткені. Бұл террорға қарсы шара емес ғой. Бет епрде кигендер адамдарды алып кетіп жатты. Бұны қалай түсінуге болады. Заңды қорғап жүр екенсің, халықтың алдында ашық істе бәрін»

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.