Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Баспана бағасы шарықтады

c 18:00, 08/08/2019 c 691

0:00 / 0:00

Тұрғын үй бағасы қараша халықты қашан да бей-жай қалдырмайтыны белгілі. Тұрғын үйдің бір бұрышынан өзіңе тиесілі шаршы метрге қол жеткізу үшін қаншама тұрғын тынбай еңбек етіп жүр. Қазіргі таңда елімізде баспана бағасының бұлайша қымбаттауының басты себебі - үй иелерінің бағаны қалағанынша өсіруі. Осылар - нарықты қалыптастырушылар.

"Қазіргі таңда елімізде доллардың ауытқуы бар.Өкінішке орай, баспана иелері сол себепті бағаны көтере бастайды. Бұл нақты бағаның өсуі емес", - деп атап өтті Қазақстан риэлторлары біріккен қауымдастығының президенті Лариса Степаненко.

Қазір халықта тұрғын үй таңдау түгілі, оны сатып алуға қолма-қол қаражат жоқ. Көпшілігі банк берген несиеге жүгініп жүр. Банктердің бірқатары ипотека бойынша алдын-ала төлем жасағандар талаптарын орындамайды, - дейді сарапшылар.

Бағаның өсуі -жаңа сұранысты анықтайды. Сондықтан бізде банк несиелерінде жоғары пайыздық мөлшерлемелер бар. Тұтынушылардың барлығы банктің талаптарына сай өтеді - деп айта алмаймын. Өйткені, халықтың әл-ауқаты төмен. Ал Жұмыс орындары қысқаруда, -дейді Қазақстан риэлторлары біріккен қауымдастығының президенті Лариса Степаненко.

Статистика мәліметі бойынша баспана сатып алып, оны қайта сату дерегі жиі тіркелетінін көрсетіп отыр. Яғни, алыпсату көп-көрім кәсіпке айналған. Батыс өңірі баспана алып сатудың көптігі жөнінен елде бесінші орыннан көрініп тұр.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.