0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысында жаңа оқу жылы қарсаңында білім ошақтарының қауіпсіздік деңгейі қайта қаралуда. Осы мақсатта қаламызда салалық ведомстволар мен қадағалау органдары күш біріктіріп, озық цифрлық алгоритмдерді енгізу мәселелерін талқылаған ведомствоаралық кеңес өткізді. Енді арнайы IT-жүйенің көмегімен ықтимал қатерлерді қадағалап, сыныптардағы психологиялық ахуалды бақылау әлдеқайда жеңілдей түспек.










