Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАЛАЛАР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫС

c 09:48, 21/09/2021 c 603

0:00 / 0:00

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс алаңдатады. Кәмелет жасқа толмағандардың түнгі уақытта көше кезіп, ішімдік ішіп алу фактілері көп тіркеліп отыр. Қыркүйек айының 17-19 аралығында өткізілген «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасы барысында түнгі уақытта, ата-анасының қарауынсыз жүрген 4,5 мың жасөспірім анықталды. Соның ішінде балалар арасындағы бұзақылық бойынша 360 факті тіркелді. Осылайша баласы үшін жауапты 600 аса ата-ана есепке алынып, баласының құқығын бұзған 500 ата-ана жауапкершілікке тартылды. Ағымдағы жылдың 8 айында 52 қылмыстық іс тіркеліп отыр. Оның 28-і сотқа жолданды. Қазіргі уақытта 16 адамға қатысты үкім шығарылды деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс ата-аналар тарапынан бақылаудың жоқтығынан орын алады дейді құзырлы орган өкілдері. Өз баласына сөз өтпей отырған немесе ішімдікке салынып, баласы қараусыз қалған ата-аналар жауапкершілікке тартылуда. Жеткіншектер арасында ауыр қылмыс жасайтындар да бар. Полициямен баласының құқығын бұзған 500 ата-ана жауапкершілікке тартылды. Ағымдағы жылдың 8 айында 52 қылмыстық іс тіркеліп отыр. Оның 28-і сотқа жолданды.  Тәртіп сақшылары кәмелет жасқа толмаған балалардың түнгі уақытта ата-ана қарауынсыз жүруі қылмыс жасауға әкеп соғады дейді.

НҰРДІЛДӘ ОРАЗ – ҚР ІІМ РЕСМИ ӨКІЛІ «Соңғы аптада түнгі уақытта ата-ана қарауынсыз жүрген 4,5 мың жасөспірім анықталды. Соның ішінде 360 факті бойынша бұзақылық жасалған. Ішімдік ішіп алған 260 бала тіркелді. 600 ата-ана есепке алынды, 500 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды».

Өкінішке орай, жасөспірімдер теракті туралы «жалған қоңырау» шалу қылмысында да көш бастап тұр. Полиция  жарылғыш зат туралы жалған ақпарат беретіндер барлық шығынды өтеуге міндеттелетінін еске салады. Бала қылмысы үшін ата-ана жауапты. Ал балалықпен жалған қоңырау шалу құтқарушылардығ жәделе жәрдем қызметін, полиция мен ұлттық қауіпсіздік саласын миллиондаған шығынға батырады. Балалар мұндай әрекетті сабаққа бараму үшін жасайды дейді тәртіп сақшылары.

Қазақстанда терроризм актісі туралы жалған хабарлама таратқаны үшін 5 000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады. Бұл дегеніміз 14,5 миллион теңге.  Сондай-ақ, 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Ал 14 жасқа толған жасөспірімдер қылмыстық жауапқа тартылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.