Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ауыз сумен қамтуға субсидия бөлінеді

c 19:02, 14/01/2021 c 888

0:00 / 0:00

Ауылдықтар әлі де болмаса ауыз сумен толық қамтылмаған. Миллиондаған адам таза ауыз суға қол жеткізе алмай отыр. Су құбырларының 70 пайызы тозған. Бүгінде ауыл халқының 87%-ы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Оның 42%-ы мемлекеттен берілген субсидия арқылы ауыз суға қол жеткізген. Енді ауыз сумен қамту үшін мемлекеттен субсидия бөлу көзделіп отыр. Сенат отырысында орталық және жергілікті атқарушы органдар арасында ауыз сумен жабдықтауды субсидиялау жөніндегі өкілеттіктердің ара жігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

Судың да сұрауы бар. Қазақстанда ауыз сумен қамту мәселесі әлі де күн тәртібінен түспей отыр. Сенатта қаралған заң жобасының негізгі мақсаты – халықты таза сумен қамтамасыз ету үшін субсидияларды бөлу және өңірлердің мемлекеттік қаржыны уақытылы алуына қол жеткізу болып табылады. Ағымдағы жылы  ауыз суды субсидиялауға 16 млрд теңге бөлініп отыр. Енді ауыз судың тарифін жергілікті маслихат белгілейтін болады.

Ауыз судың құнын белгілеуде халықтың пікірін назарға алу міндетті. Ол үшін әкімдік сайтына хабарлама беріліп, жергілікті тұрғындардың ұсынысы 10 күннің ішінде қаралады.

Бүгінде ауыл халқының 87 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Бұл дегеніміз  4078 ауыл. Яғни ауылдықтардың бәрі бірдей ауыз суға толық қол жеткізген жоқ. Үкімет бұл мәселені 2023 жылы жүз пайыз шешеміз деп жоспарлап отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.