Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ауылға арман болған интернет

c 18:08, 01/10/2019 c 926

0:00 / 0:00

Қазақстанда  5G желісін енгізу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл үшін арнайы жол картасы бекітілген. 5G мобильді байланысы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында сынақтан өтті. Енді қазан айында Шымкентте тестен өтктетін болады. Бұл жайында бүгін өткен  үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеді. Сынақ қорытындысы бойынша технологияны заттар интернетін, телемедицина, өнеркәсіп, тау-кен өндірісін цифрландыру және "ақылды" қалаларды дамыту ісінде қолдану мүмкіндіктеріне талдау жасалады. Сөйтіп Үкімет 2021 жылдың аяғына дейін елордада Назарбаев университеті мен ЭКСПО кешенінде, ал 2022 жылы әуежай мен вокзалда, сауда орындары мен алаңдарда 5G байланысын енгізу көздеп отыр. Алайда, 5G желісінің денсаулыққа зияны бар деген мәліметке қатысты, көптеген елдер әзірге бұл технологияны енгізбей отыр. Толығырақ тілші тартақады

Цифрлық даму министрлігінің жоспары керемет. Қазақстанда  5G желісін енгізіп, 2022 жылдың соңына дейін Қазақстан халқының 97%-н кең жолақты интернетпен қамтымақ. Ендігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары 5G орнату сынағы өтті. Келесі кезекте Шымкент қаласы тұр. 5G орнатсақ, телемедицина, өнеркәсіп, тау-кен өндірісін цифрландыру және "ақылды" қалаларды дамыту кеңінен қолға алынар еді дейді құзырлы орган басшысы. Алдағы екі-үш жылда елордададағы бірқатар нысандарда,  әуежай мен вокзалда, сауда орындары мен алаңдарда 5G байланысын енгізу көзделіп отыр. Алайда, қолданыстағы желіден 40 есеге артық жылдамдықпен жұмыс істейтін  5G желісінің зияныбар деген мәлімет те жоқ емес. Онколог дәрігерлердің пікірінше, жоғары жиіліктегі интернеттің электромагниттік толқындары адам денсаулығына зиянды. Себебі, денедегі тіндер бұл толқындарға бейімделсе де бас ауруы жиілейді екен. Қан қысымының көтерілуі, жүрек дертінің пайда болуы артады.Cондықтан көптеген елдер толық зерттеуден өтпей, 5G технологиясын қосуға асықпай отыр.

Асқар Жұмағалиев – ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі; «Жақында  Египетте Халықаралық электрбайланысы одағының отырысы өтеді. Осы Бүкіләлемдік отырыста нақты стандарттар анықталады. 5G-ң денсаулыққа қатысты барлық мәселелер тиісті сынақтардың негізінде талданады. Халықаралық электрбайланысы одағының стандартты бекітуі денсаулық элементтеріне негізделетініне сенімдімін. Себебі денсаулыққа кері әсер ететін технологияларды ешкімнің де енгізгісі жоқ»

Қолданыстағы желіден әлдеқайда қымбатқа түсетін 5G желісін енгіземіз деп даурығып отырған үкімет, бүгінде ауылдарға интернеттің толық жетпей жатқанын біле ме екен? Қазір  117 қала мен 3 324 ауылда кең жолақты интернет бар. Ауыл тұрғындары 3G және 4G желілерін кеңінен пайдаланып жатыр деп сендіреді министр. Алайда, заман талабына айналған технологиялық бұл жетістік шалғайдағы  ауыл халқы  үшін арман болып отырғанын айтқымыз келеді. Жұмағалиев мырза бұны жоққа шығара алмады.

2022 жылға дейін қазақстандықтарды толық кең жолақты интернетпен қамту туралы амбициялы жоспардың дұрыс орындалуын Үкімет басшысы құзырлы органға жіті тапсырды.

Айтпақшы Қазақстан әлемдік рейтингте ұялы байланыс абоненттері бойынша 21-орынды иеленді. Өткен жылы елімізде интернет пайдаланушылар саны 81,3%-ті құрады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.