Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА МӘСЕЛЕ КӨП

c 19:10, 29/06/2022 c 811

0:00 / 0:00

Ауыл шаруашылық саласында қордаланған проблема баршылық. Шаруаларға берілетін субсидия, жеңілдетілген несие аясындағы келеңсіздіктер. Ауыл шаруашылық өнімдеріне сұранысты арттыру, қант өндірісінің шикізатқа тәуелділігін төмендету, ет комбинатын салу, ауыл халқын жайылыммен қамту. Тізе берсек ауыл шаруашылық министрі Ербол Қарашөкеевтің атқарып жатқан ісіне қатысты сұрақ та көп. Бүгін министр ауыл шарушалығына қатысты депутаттық сауалға жауап беру үшін Мәжіліске келген еді.
Мәтін.Қазақстанда соңғы бес жылда ауыл шаруашылығы саласында 960 жемқорлық қылмысы тіркелсе, оның жартысы субсидияны жымқыруға қатысты. Яғни ауыл шаруашылығына бөлінген мемлекеттік қолдау ретіндегі субсидияны негізсіз жұмсалу фактілері орын алды. Ауыл шаруашылық өнімін өндіруге алған субсидияны мүлдем басқа мақсатқа пайдаланған деректер де жоқ емес. Қазақстанда бес жыл ішінде субсидияға 2 триллион теңгеге жуық қаражат бөлінген. Мәжіліс депутаттарының алдына келген Ауыл шаруашылық министрі Ербол Қарашөкеевке сұрақ көп болды. Қант бағасына отандық шикізатты қолданбай, сырттан әкелінген қант құрағын қолдану да әсер етіп отыр дейді депутаттар. Өздеріңізге мәлім, ел ішінде тұтынатын қанттың 10 пайызы ғана отандық болып табылады. Қалғаны шетелден әкелінеді. Ал мал өсіріп, оның етін өткізетін ет комбинаттары жоқ дейді мәжілісмендер. Ауылдықтардың басты проблемасына айналған жайылым жерлермен қамту да айтылды. Не керек мәжілісмендер қолына түскен министрге ауыл шаруашылық саласында қордаланған бүкіл мәселе бойынша сұрақтарын қарша жаудырып, әбден сынады. Ал ауруын жасырған ажалынан бұрын өледі демекші, үкіметті инфляцияның шынайы көрсеткішін жасырып отыр деп кінәлады.

Елдегі азық-түлік бағасының жаппай қымбаттауына да ауыл шаруашылық саласындағы жүйесіздік себеп дейді депутаттар.

Өзі басқарып отырған салаға қатысты сыни сұрақтар мен ұсыныстарды тыңдаған ауыл шаруашылық министрі де жауапсыз қалмады.

Парламент Мәжілісінің жетінші сессиясының соңғы жалпы отырысын өткізген депутаттар, ертең сессия жұмысы аяқталған соң өңірлерге барып, одан әрі екі айға каникулға шығады. Палата төрағасы депутаттарға аймақтарға барып халықтың арыз-шағымын тыңдап ғана қайтпай, мәселені шешкенше жүріңдер деп бұйырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.