Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы  тоқырауға ұшырады

c 20:07, 28/02/2020 c 480

0:00 / 0:00

Аграрлық секторды жүйесіз реформалаудың салдарынан тұтас ауылдар жойылып кетіп жатыр. Еліміздің ауыл шаруашылығының ЖІӨ үлесі он жыл ішінде 5 проценттен аспаған, ал кейінгі жылдары тұрақты түрде төмендеп барады. Парламент Сенатының төрағасы Дәриға Назарбаева бүгін жоғарғы палатада өткен тыңдауда осындай сын айтты.  Сенаторлар агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелерін талқылады. Депутаттар алдында шаруалар да саладағы проблемаларын жарыса айтып,қолдау сұрады.

Қазақстан халқының 42 пайызы ауылда тұрады. Ауыл шаруашылық саласы ел экономикасының негізін қалаушы сектор. Алайда, бұл проблемалы сала болып тұр. Еліміздің ауыл шаруашылығының ЖІӨ-гі  үлесі он жыл ішінде 5 проценттен аспаған. Ауылдықтардың тұрмыс-тіршілігі төмен, ауыл шаруашылық саласында кәсібін айналдырып жүргендердің ісі тұралап тұр. Сенат спикері Дәриға Назарбаева ауылды дамытатын өңірлік министрлік жоғын айтады.

Спикердің айтуынша, соңғы жылдары ауыл шаруашылығы саласында үздіксіз жүргізілген жүйесіз реформалар, саланы дағдарысқа әкеп тіреді.

Ауыл шаруашылық саласында кәсібін айналдырып отырғандар мемлекет субсидияны тұрақты түрде беріп отырса деген ниет білдірді. Депутаттар болса  аграрияны субсидиялау, арзан несие беру мәселесі де тұралап тұр деп сынады.

Талдауға сүйенсек, субсидиялау жөнінде 5 жыл ішінде өзгерістер мен толықтырулар 47 рет енгізіліпті. Жиында субсидяи туралы жеке заң енгізу керек деген ойлар айтылды. Министр Омаров та ісін дөңгелетіп отырған шаруаларға субсидия ауадай қажет екенін мойындап отыр.

Осылайша реформашыл  ауыл шаруашылық саласында жұмыс күші құнсызданып, ауылдарда жұмыс орындары азайды. Жұмыссыздықтан ауылда адам қалмады. Елдімекендер жойылып жатыр.  Ал аграрлықтар болса, салада кадр тапшы деп шырылап отыр. Министр  кадр мәселесін мектеп қабырғасынан шешпек.

Айта кету керек, тәуелсіздік жылдарында ауыл шаруашылық саласында 18 министр ауысқан. Әр министр өз реформасын енгізгізумен әлек болды. Ал мемлекет ауыл шаруашылық саласын экономиканың негізін қалаушы секторға айналдырғысы келеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.