Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Аула абаттандырылса

c 17:35, 29/12/2020 c 647

0:00 / 0:00

Абай даңғылы 51 мекенжайындағы көп қабатты үй тұрғындары аулаларының абаттандырылмағанын айтып шағымдануда. Тұрғындардың айтуынша, үй маңындағы жолдар шұрық тесік және балалар ойын алаңы жоқ. Және тұрғынжайдың көше бетіндегі арық соңғы жылдары мүлде қараусыз қалған.80 жылдары тұрғызылған 5 қабатты 90 пәтерлік тұрғынжай Оралдың қақ ортасында болсадағы көп жылдардан бері абаттандыру жұмыстары жүргізілмеген. Үйдің бірінші қабатындағы пәтерлердің 90 пайызы кәсіпкерлік субъектелеріне айналуы себепті түрлі жүк көліктері ұдайы осы тұрғынжай алдына кідіретін көрінеді. "Сол себепті бұл аулада кей кездері көлік тұрақтайтын орын болмай қалады",- дейді тұрғындар. Өздеріңіз көріп тұрғандай көп қабатты үй ауласы тар, оған қоса қарама-қарсы тұрған үйдің ортасын мына жертөле бөліп тұр. "Бұл орын онсызда сәулеті келісіңкіремей тұрған баспананың сыйқын сұрықсыздандырып тұр",- дейді тұрғындар. Осы мәселе бойынша жауапты мемлекеттік мекемелер есігін қақтық. Алдағы жылдардың абаттандыру шаралары бойынша атқарылмақ жоспарлы жұмыстар барысына қаныға отырып, 2021 жылы бұл аулада жөндеу жұмыстарының жүргізілмейтініне көз жеткіздік. Тек 2022 жылы ғана қажетті жұмыстар атқарылуы мүмкін. 2007 жылдан бастап облыс орталығында 368 аула жөнделген. Бірақ жүзден астам үй аулалары абаттандыруды қажет етеді. Биыл 11 көп қабатты үйде жөндеу жұмыстары жүргізілген. Айта кеткен жөн дәл осы аулада күзде жарықтандыру жұмыстары жасалыпты.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.