Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Арманыңнан қалма

c 19:29, 27/11/2019 c 1337

0:00 / 0:00

«Арманыңнан қалма» әнімен Польшаның Гливице қаласында өткен Junior Eurovision -2019 халықаралық байқауында жүлделі екінші орынды қанжығасына байлаған жерлесіміз Ержан Максим бүгін елордаға ат басын тіреді. Нұр-Сұлтанда жас талантты мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қабылдап,  жеңісімен құттықтап, анасы мен жас әншіге гүл шоқтары мен «Қазақ елі» монументінің мүсінін сыйлады. Ержанмен өткен бұл кездесу өте әсерлі болды. Ержан Максим өнерін бұдан әрі шыңдау үшін бірқатар байқауларға қатысып, аты әлемге әйгілі әншілермен ән айтсам деп армандайды.

Польшаның Гливице қаласында өткен "Балалар Евровидениесі" байқауында әлемнің 19 елінен келген жас әншілер бақ сынады. Байқауда дауыс жинау нәтижесі бойынша қазақстандық талант Ержан Максим екінші орынды қанжығалады. Бірінші орын Польшалық жас талантқа бұйырды. Алайда, байқаудың әділқазылар алқасы Ержанды бірінші орынға лайық деп бағалағанды.  Дегенмен Қазақстан үшін Ержанның бұл жүлдесі басты жеңіс болып табылады.

Еліміздің атын әлемге танытып, үлкен қуаныш сыйлаған жас әнші мәдениет министрімен кездесуінде  үлкен алғысын білдіре отырып, армандарымен бөлісті. Ержан мұнымен тоқтамай, халықаралық деңгейдегі басқа да байқауларда бақ сынап, аты әлемге әйгілі әншілермен ән айтуды армандайды.

Өздеріңізге мәлім, қазір Ержан отбасымен Мәскеуде тұрып жатыр.әйгілі композитор Игорь Крутойдың академиясында тәлім алуда. Қазақылығы басым Ержан Ресейде орыс мектебінде оқып жатыр. Балақай орысша оқу оңайға түспей жатқанын айтады. Ал анасы  Гүлмира Әлібек Мәскеудегі тұрмыс-тіршілігіне БҚО  облыс басшылығы қолдау жасап жатыр дейді.

Сөз арасында Ержан байқау барысында басынан өткен қызықтарды айтып қалды.

Ет жеп өскен қазақ баласы, еуропаның тамағынан қиналдым деп әзілдеп қойды.

Өз кезегінде Мәдениет министрі Ержан Максимге алдағы уақытта да қолдау көрсетілетінін атап өтті. Ержанның бойына біткен талантты кәсіби тұрғыда дамыту көзделіп отырғанын айтты.  Еске сала кетейік, жас әнші Ержанды бұл жеңісімен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та құттықтаған еді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.